О внесении изменений в решение маслихата города Арыс от 29 марта 2018 года № 20/152-VІ "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов города Арыс"

Решение Арысского городского маслихата Туркестанской области от 5 августа 2024 года № 21/124-VІІІ

      Маслихат города Арыс РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Арыс "Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов города Арыс" от 29 марта 2018 года №20/152-VI (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4519) следующие изменения:

      в пункте 4:

      в абзац девятый вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      абзац десятый исключить;

      абзац одиннадцатый исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      В.и.о председателя городского маслихата Е.Медетбеков

Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 20/152-VI "Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 5 тамыздағы № 21/124-VІІІ шешiмi

      Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының "Арыс қалалық ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы №20/152-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4519 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақта:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";

      оныншы абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы м.у.а Е.Медетбеков