О внесении изменений и дополнений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 ноября 2023 года № 337 "Об утверждении положений ведомств Министерства просвещения Республики Казахстан"

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 24 апреля 2025 года № 84

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 14 ноября 2023 года № 337 "Об утверждении положений ведомств Министерства просвещения Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о республиканском государственном учреждении "Комитет по охране прав детей Министерства просвещения Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:

      "2-1) на основе и во исполнение основных направлений внутренней и внешней политики государства, определенных Президентом Республики Казахстан, и основных направлений социально-экономической политики государства, его обороноспособности, безопасности, обеспечения общественного порядка, разработанных Правительством Республики Казахстан, формирует государственную политику в области защиты прав детей в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) разработка нормативных правовых актов в области защиты прав детей в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      подпунты 8) и 9) изложить в следующей редакции:

      "8) осуществление координации и методическое руководство местных исполнительных органов в области защиты прав ребенка;

      9) координация деятельности других заинтересованных уполномоченных органов в области защиты прав ребенка, в том числе в области международного сотрудничества;";

      дополнить подпунктами 10-1) и 10-2) следующего содержания:

      "10-1) осуществление мониторинга и анализа организации питания детей в организациях среднего образования, организациях образования для детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей;

      10-2) осуществление межотраслевой координации по вопросам социальной реабилитации детей, пострадавших от террористической деятельности;";

      подпункт 21) изложить в следующей редакции:

      "21) осуществление международного сотрудничества в области защиты прав детей;";

      подпункт 56) изложить в следующей редакции:

      "56) разработка правил и условий содержания несовершеннолетних в центрах адаптации несовершеннолетних и центрах поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах, в соответствии с законами Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 57-1), 57-2), 57-3), 57-4), 57-5) и 57-6) следующего содержания:

      "57-1) разработка правил организации питания, обучающихся в государственных организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, внешкольных организациях дополнительного образования, а также приобретения товаров, связанных с обеспечением питания детей, воспитывающихся и обучающихся в государственных дошкольных организациях, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;

      57-2) разработка Правил формирования перечня недобросовестных поставщиков (потенциальных поставщиков) услуг и (или) товаров по организации питания обучающихся в государственных организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, внешкольных организациях дополнительного образования, а также товаров, связанных с обеспечением питания детей, воспитывающихся и обучающихся в государственных дошкольных организациях, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;

      57-3) разработка правила профилактики травли (буллинга) ребенка по согласованию с уполномоченным органом соответствующей отрасли;

      57-4) разработка правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования;

      57-5) координация деятельности социальных педагогов;

      57-6) профилактика насилия и превенция суицида среди детей;";

      подпункт 65) изложить в следующей редакции:

      "65) координация и контроль за деятельностью областных, городов Астаны, Алматы и Шымкента управлений образования по вопросам усыновления (удочерения), опеки, попечительства, патроната, приемной семьи, гостевой и приемной профессиональной семьи;";

      дополнить подпунктом 70-1) следующего содержания: "70-1) координация деятельности местных исполнительных органов по

      проблемным вопросам организаций образования для детей с девиантным поведением, организации образования для детей с особым режимом содержания;";

      дополнить подпунктом 75-1) следующего содержания:

      "75-1) установление государственных минимальных социальных стандартов, направленных на улучшение жизни детей;";

      дополнить подпунктами 100-5), 100-6) и 100-7) следующего содержания:

      "100-5) разработка положения о приемных профессиональных семьях;

      100-6) разработка Правил разрешения органом, осуществляющим функции по опеке или попечительству, споров на общение с ребенком родителем, проживающего отдельно от ребенка, дедушек, бабушек, братьев и сестер;

      100-7) разработка правил образования и организации деятельности комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав;";

      подпункт 101) изложить в следующей редакции:

      "101) осуществление иных полномочий, предусмотренных законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан.".

      2. Комитету по охране прав детей Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня утверждения настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в электронной форме в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан;

      3) в установленные законодательством сроки принятие необходимых мер, вытекающих из настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Г. Бейсембаев

"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 84 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      15 тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1. мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;";

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      9) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа да мүдделі уәкілетті органдардың қызметін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "10-1) орта білім беру ұйымдарында, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

      10-2) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) балалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;";

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 57-1), 57-2), 57-3), 57-4), 57-5) және 57-6) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "57-1) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлеу;

      57-2) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекітеді;

      57-3) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша әзірлеу;

      57-4) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;

      57-5) әлеуметтік педагогтардың қызметін үйлестіру;

      57-6) балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу және суицидті болдырмау;";

      65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "65) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын, бала қонақтайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдарының, ұстаудың ерекше режиміндегі балалар үшін білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:

      75-1) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 100-5), 100-6) және 100-7) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "100-5) баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережені әзірлеу;

      100-6) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның баласынан бөлек тұратын ата-ананың, аталарының, әжелерінің, аға-інілері мен апа-сіңлілерінің баламен араласуға байланысты дауларды шешу қағидаларын әзірлеу;

      100-7) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;";

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген мерзімде қабылдауды қамтамасыз етcін.

      4) Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5) Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ғ. Бейсембаев