О классификации пистолета для профессиональной монтажной пены по единой Товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 10 сентября 2015 года № 115

      В соответствии с пунктом 7 статьи 52 Таможенного кодекса Таможенного союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Пистолет для профессиональной монтажной пены, представляющий собой ручной инструмент для регулирования выхода профессиональной монтажной пены из баллона, позволяющий дозировать скорость и объем выхода профессиональной монтажной пены при помощи встроенного клапана, состоящий из трубки (сопло) для выхода пены, оборудованной двумя клапанами, специальной ручки с курковым механизмом, устройства крепления баллона непосредственно на корпусе и механизма регулировки подачи пены, в соответствии с Основными правилами интерпретации Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности 1 и 6 классифицируется в подсубпозиции 8205 59 809 9 единой Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (примеры изображений пистолета для профессиональной монтажной пены приведены в приложении).
      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Врио Председателя Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         А. Слепнев

ПРИЛОЖЕНИЕ            

к Решению Коллегии        
Евразийской экономической комиссии
от 10 сентября 2015 г. № 115  

ПРИМЕРЫ
изображений пистолета для профессиональной монтажной пены

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша кәсіби монтаждау көбігіне арналған пистолеттің сыныпталуы туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 115 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кәсіби монтаждау көбігінің көбік шығатын түтікшеден (саңылаудан) тұратын, екі клапанмен, ілмек тетікті арнайы тұтқамен, баллонды тікелей корпусқа бекітетін құрылғымен және көбіктің берілуін реттейтін тетікпен жабдықталған бірге орнатылған клапанның көмегімен баллоннан шығу жылдамдығы мен көлемін мөлшерлеуге мүмкіндік беретін, баллоннан кәсіби монтаждау көбігінің шығуын реттеуге арналған қолға ұстайтын аспапты білдіретін кәсіби монтаждау көбігіне арналған пистолет (кәсіби монтаждау көбігіне арналған пистолет суретінің үлгілері қосымшада келтірілген) сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8205 59 809 9 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
А. Слепнев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 115 шешіміне
ҚОСЫМША

Кәсіби монтаждау көбігіне арналған пистолет суретінің ҮЛГІЛЕРІ