О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 3 ноября 2015 года № 139.

      В соответствии с подпунктом 15 пункта 43 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), статьей 66 и пунктом 1 статьи 180 Таможенного кодекса Таможенного союза Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в Решения Комиссии Таможенного союза изменения согласно приложению.

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

Председатель Коллегии


Евразийской экономической комиссии

В. Христенко


  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 3 ноября 2015 г. № 139

ИЗМЕНЕНИЯ,
вносимые в Решения Комиссии Таможенного союза

      1. В Инструкции о порядке заполнения декларации на товары, утвержденной Решением Комиссии Таможенного союза от 20 мая 2010 г. № 257:

      а) подпункт 42 пункта 15 после абзаца девятнадцатого (после таблицы) дополнить абзацем следующего содержания:

      "регистрационный номер декларации на товары в отношении товаров, которые идентичны декларируемым товарам и таможенная стоимость которых принята таможенным органом по результатам дополнительной проверки в соответствии со статьей 69 Таможенного кодекса Таможенного союза, – в случае, предусмотренном пунктом 111 Порядка контроля таможенной стоимости товаров, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 20 сентября 2010 г. № 376;"

      б) подпункт 4 пункта 43 после абзаца двадцать седьмого дополнить абзацем следующего содержания:

      "элемент 6 – указывается дата истечения срока, в течение которого декларант должен представить таможенному органу дополнительные документы, сведения и пояснения в соответствии с запросом таможенного органа при проведении дополнительной проверки.".

      2. Утратил силу решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 27.03.2018 № 42 (вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования).

      3. Раздел 9 классификатора вида документов и сведений, используемых при таможенном декларировании (Приложение 8), утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 20 сентября 2010 г. № 378, после позиции с кодом 09030 дополнить позицией следующего содержания:

      "09031 Декларация на товары в отношении ранее ввезенных

      товаров, идентичных декларируемым товарам, заявленная

      таможенная стоимость которых принята таможенным органом

      по результатам дополнительной проверки".

Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 139 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-бабының 15-тармақшасына, Кеден одағы Кеден кодексінің 66-бабына және 180-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 3 қарашадағы
№ 139 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулықта:

      а) 15-тармақтың 42-тармақшасы он тоғызыншы абзацтан кейін (кестеден кейін) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібінің 11-тармағында1 көзделген жағдайда – декларацияланатын тауарлармен бірдей және кедендік құнын Кеден одағы Кеден кодексінің 69-бабына сәйкес қосымша тексеру нәтижелері бойынша кеден органы қабылдаған тауарларға қатысты тауарларға декларацияның тіркеу нөмірі;";

      б) 43-тармақтың 4-тармақшасы жиырма жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "элемент 6 – декларант қосымша тексеру жүргізу кезінде кеден органының сұрау салуына сәйкес кеден органына қосымша құжаттар, мәліметтер мен түсіндірмелер беретін мерзім өткен күн көрсетіледі.".

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын бақылау тәртібіне:

      а) 11-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атап айтқанда, мынадай міндеттемелер Тауарлардың кедендік құны туралы мәлімделген мәліметтердің анық еместігінің белгілері болып табылуы мүмкін.";

      б) мынадай мазмұндағы 111тармақпен толықтырылсын:

      "111. Егер декларацияланатын тауарлар бұрын осыған ұқсас тауарлар соған сәйкес әкелінген сыртқы экономикалық шарт (келісімшарт) шеңберінде әкелінсе, Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімделген кедендік құн туралы мәліметтер мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде анық емес не тиісінше расталмаған болып табылуы мүмкін екенін көрсететін белгілер ретінде қаралмайды:

      1) декларацияланатын тауарлар мен бұрын әкелінген тауарлар бірдей, мәміле шарттары өзгермейтін (оның ішінде тауарлар бағасы мен жеткізу шарттарына қатысты) бір сыртқы экономикалық шарт (келісімшарт) шеңберінде әкелінген;

      2) декларацияланатын тауарлар шығарылғанға дейін кедендік құнына бақылау жүргізу кезінде олармен бірдей тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізу кезіндегідей Тәртіптің 11-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған;

      3) декларацияланатын тауарлармен бірдей бұрын әкелінген тауарларға қатысты:

      кедендік құны әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі (1-әдіс) бойынша мәлімделген;

      нәтижелері бойынша мәлімделген кедендік құнын кеден органы қабылдаған қосымша тексеру жүргізілген;

      4) декларацияланатын тауарларға қатысты тауарларға декларация декларацияланатын тауарлармен бірдей бұрын әкелінген тауарларға қатысты тауарларға декларация сияқты сол кеден органына берілген;

      5) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты тауарларға декларацияда декларацияланатын тауарлармен бірдей бұрын әкелінген тауарларға қатысты тиісті тауарларға декларацияның тіркеу нөмірі мәлімделген;

      6) қосымша тексеру нәтижелері бойынша декларацияланатын тауарлармен бірдей бұрын әкелінген тауарлардың кедендік құнын қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап декларацияланатын тауарларға қатысты тауарларға декларация тіркелетін күнге дейінгі мерзім тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып айқындалатын мерзімнен, бірақ 180 күннен аспайды.".

      3. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер түрі сыныптауышының (8-қосымша) 9-бөлімі коды 09030 позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"09031

Мәлімделген кедендік құнын қосымша тексеру нәтижелері бойынша кеден органы қабылдаған, декларацияланатын тауарлармен бірдей бұрын әкелінген тауарларға қатысты тауарларға декларация"