О таможенных органах государств – членов Евразийского экономического союза, осуществляющих взаимодействие в рамках Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 30 июня 2017 года № 73

      В соответствии с подпунктом 12 пункта 4 статьи 146, пунктом 12 статьи 371 и пунктом 13 статьи 373 Таможенного кодекса Евразийского экономического союза (далее – Кодекс) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Установить, что:

      а) представление подтверждения государственного органа государства – члена Евразийского экономического союза (далее – государство-член), предусмотренного подпунктом 12 пункта 4 статьи 146 Кодекса, осуществляется центральным таможенным органом государства-члена, на территории которого находится таможенный орган назначения, в центральный таможенный орган государства-члена, на территории которого расположен таможенный орган отправления;

      б) направление и исполнение запросов о представлении копий документов и (или) сведений в соответствии со статьей 371 Кодекса осуществляются в рамках взаимодействия как между центральными таможенными органами государств-членов, так и непосредственно между территориальными таможенными органами государств-членов.

      В случае если невозможно определить таможенный орган государства-члена, в который необходимо направить запрос, направление запросов осуществляется центральным таможенным органом одного государства-члена в центральные таможенные органы других государств-членов;

      в) направление и обеспечение исполнения поручений о проведении таможенного контроля в соответствии со статьей 373 Кодекса осуществляются центральными таможенными органами государств-членов.

      В случаях, определенных центральными таможенными органами государств-членов, направление и обеспечение исполнения поручений о проведении таможенного контроля могут осуществляться территориальными таможенными органами государств-членов.

      2. Для целей применения настоящего Решения:

      а) под центральными таможенными органами государств-членов понимаются:

      для Республики Армения – Комитет государственных доходов при Правительстве Республики Армения;

      для Республики Беларусь – Государственный таможенный комитет Республики Беларусь;

      для Республики Казахстан – Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан;

      для Кыргызской Республики – Государственная таможенная служба при Правительстве Кыргызской Республики;

      для Российской Федерации – Федеральная таможенная служба;

      б) под территориальными таможенными органами государств-членов понимаются:

      для Республики Армения – таможни, таможенные пункты;

      для Республики Беларусь – таможни;

      для Республики Казахстан – территориальные подразделения Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан по областям (городам республиканского значения, столице), таможни;

      для Кыргызской Республики – таможни;

      для Российской Федерации – региональные таможенные управления, таможни.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу Договора о Таможенном кодексе Евразийского экономического союза от 11 апреля 2017 года.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара іс-қимылды жүзеге асыратын кеден органдары туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 73 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 146-бабы 4-тармағының 12-тармақшасына, 371-бабының 12-тармағына және 373-бабының 13-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналар:

      а) Кодекстің 146-бабы 4-тармағының 12-тармақшасында көзделген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) мемлекеттік органының растауын аумағында жөнелтетін кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің орталық кеден органына ұсынуды аумағында межелі белгіленген кеден органы орналасқан мүше мемлекеттің орталық кеден органы жүзеге асырады;

      б) Кодекстің 371-бабына сәйкес құжаттардың көшірмелерін және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жіберу және орындау мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасындағы да, мүше мемлекеттердің тікелей аумақтық кеден органдары арасындағы да өзара іс-қимыл шеңберінде жүзеге асырылады.

      Егер сұрау салуды жіберу қажет мүше мемлекеттің кеден органын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, бір мүше мемлекеттің орталық кеден органы басқа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдарына сұрау салуды жіберуді жүзеге асырады;

      в) Кодекстің 373-бабына сәйкес кедендік бақылау жүргізу туралы тапсырмаларды жіберуді және орындалуын қамтамасыз етуді мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары жүзеге асырады.

      Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары белгілеген жағдайларда, кедендік бақылау жүргізу туралы тапсырмаларды жіберуді және орындалуын қамтамасыз етуді мүше мемлекеттердің аумақтық кеден органдары жүзеге асыруы мүмкін деп белгіленсін.

      2. Осы Шешімді қолдану мақсаттары үшін:

      а) мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары деп:

      Армения Республикасы үшін – Армения Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Беларусь Республикасы үшін – Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті;

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;

      Қырғыз Республикасы үшін – Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі;

      Ресей Федерациясы үшін – Федералдық кеден қызметі түсіндіріледі;

      б) мүше мемлекеттердің аумақтық кеден органдары деп:

      Армения Республикасы үшін – кедендер, кедендік бекеттер;

      Беларусь Республикасы үшін – кедендер;

      Қазақстан Республикасы үшін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлімшелері, кедендер;

      Қырғыз Республикасы үшін – кедендер;

      Ресей Федерациясы үшін – өңірлік кеден басқармалары, кедендер түсіндіріледі.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян