О представлении информации в соответствии с подпунктом 5 пункта 20 Протокола о единых принципах и правилах регулирования деятельности субъектов естественных монополий (приложение № 20 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года)

Распоряжение Высшего Евразийского экономического совета от 14 мая 2018 года № 4

      Приняв к сведению информацию Евразийской экономической комиссии о результатах проведенной в 2017 году работы, указанной в подпунктах 3 и 4 пункта 20 Протокола о единых принципах и правилах регулирования деятельности субъектов естественных монополий (приложение № 20 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года):

      1. Евразийской экономической комиссии представить в I полугодии 2019 г. для рассмотрения Высшим Евразийским экономическим советом согласованную с уполномоченными органами государств – членов Евразийского экономического союза информацию о результатах проведенной в 2018 году работы, указанной в подпунктах 3 и 4 пункта 20 Протокола о единых принципах и правилах регулирования деятельности субъектов естественных монополий (приложение № 20 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года).

      2. Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации


Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 20-қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат беру туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 4 Өкімі

      Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген жұмыстың 2017 жылы жүргізілген нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген, 2018 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген ақпаратты 2019 жылдың І жарты жылдығында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.

      2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан