О назначении члена Коллегии Евразийской экономической комиссии

Решение Высшего Евразийского экономического совета от 1 октября 2019 года № 27

      В соответствии с подпунктом 2 пункта 2 статьи 12 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, абзацем третьим пункта 41 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 55 Регламента работы Евразийской экономической комиссии, утвержденного Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, а также на основании представления Российской Федерации Высший Евразийский экономический совет решил:

      1. Назначить Глазьева Сергея Юрьевича членом Коллегии Евразийской экономической комиссии от Российской Федерации на оставшийся срок полномочий, определенный при назначении Валовой Татьяны Дмитриевны.

      2. Включить в персональный состав Коллегии Евразийской экономической комиссии, утвержденный Решением Высшего Евразийского экономического совета от 21 декабря 2015 г. № 37 "О персональном составе и распределении обязанностей между членами Коллегии Евразийской экономической комиссии", члена Коллегии (Министра) по интеграции и макроэкономике Евразийской экономической комиссии Глазьева Сергея Юрьевича, исключив из персонального состава Валовую Татьяну Дмитриевну.


      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации


Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшесін тағайындау туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 1 қазандағы № 27 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 41-тармағының үшінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Ресей Федерациясының ұсынуы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Татьяна Дмитриевна Валоваяны тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзіміне Ресей Федерациясынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі болып Сергей Юрьевич Глазьев тағайындалсын.

      2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және оның мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу туралы" № 37 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Сергей Юрьевич Глазьев енгізіліп, дербес құрамнан Татьяна Дмитриевна Валовая шығарылсын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан