О реализации планов либерализации по отдельным секторам услуг в рамках Евразийского экономического союза

Распоряжение Высшего Евразийского экономического совета от 20 декабря 2019 года № 12.

      С учетом доклада Председателя Коллегии Евразийской экономической комиссии Саркисяна Т.С. о результатах проведения мониторинга исполнения с 1 декабря 2018 г. по 31 августа 2019 г. мероприятий, предусмотренных планами либерализации, утвержденными Решением Высшего Евразийского экономического совета от 26 декабря 2016 г. № 23, и контроля за их исполнением (прилагается в качестве информационного материала) (далее соответственно – доклад, планы либерализации):

      1. Правительствам государств – членов Евразийского экономического союза и Евразийской экономической комиссии:

      а) учитывать при проведении работ в рамках реализации положений раздела XV Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года положения доклада;

      б) активизировать работу по реализации планов либерализации с учетом положений доклада и обеспечить исполнение мероприятий, предусмотренных планами либерализации, исходя из необходимости обеспечения начала функционирования единого рынка услуг без барьеров, изъятий, ограничений, дополнительных требований и условий в сроки, предусмотренные планами либерализации.

      2. Правительствам государств – членов Евразийского экономического союза принять меры по обеспечению:

      а) исполнения актов органов Евразийского экономического союза и положений Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части формирования и функционирования единого рынка услуг без барьеров, изъятий, ограничений, дополнительных требований и условий;

      б) при координации Евразийской экономической комиссии заключения во исполнение статьи 68 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и планов либерализации компетентными органами государств – членов Евразийского экономического союза соглашений об административном сотрудничестве:

      по секторам услуг в области строительства, услуг в инженерных областях, градостроительного проектирования;

      по сектору услуг по оценке имущества;

      по сектору услуг бюро путешествий и туристических агентств (услуги туроператоров и турагентов);

      по сектору услуг по прогнозу погоды и метеорологии;

      по секторам услуг, связанным с производством и распространением кино- и видеофильмов, а также по демонстрации видеофильмов;

      по секторам услуг в области научно-исследовательских работ.

      3. Евразийской экономической комиссии разместить доклад на официальном сайте Евразийского экономического союза по адресу: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/dobd/work_group/ Documents/REPORT3.pdf.

      4. Настоящее распоряжение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза.


Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казахстан

От Кыргызской
Республики

От Российской
Федерации


Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 12 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуына 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 31 тамызға дейінгі аралықта мониторинг жүргізу және олардың орындалуына бақылау жасау нәтижелері (ақпараттық материал ретінде қоса беріліп отыр) туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т.С.Саркисянның баяндамасын (бұдан әрі тиісінше – баяндама, ырықтандыру жоспарлары) ескере отырып:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия:

      а) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV бөлімінің ережелерін іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізген кезде баяндама ережелерін ескерсін;

      б) баяндама ережелерін ескере отырып, ырықтандыру жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын және қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарыттарсыз ырықтандыру жоспарларында көзделген мерзімдерде жұмыс істей бастауын қамтамасыз ету қажеттігіне негіздей отырып, ырықтандыру жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері:

      а) Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілері мен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережелерін қызметтер көрсетудің тосқауылдарсыз, алып қоюларсыз, шектеулерсіз, қосымша талаптар мен шарыттарсыз бірыңғай нарығының қалыптасуы мен жұмыс істеуі бөлігінде орындауды;

      б) Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 68-бабын және ырықтандыру жоспарларын орындау үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының:

      құрылыс саласында қызметтер көрсету, инженерлік салаларда қызметтер көрсету, қала құрылысын жобалау секторлары бойынша;

      мүлікті бағалау жөнінде қызметтер көрсету секторы бойынша;

      саяхаттар бюросының және туристік агенттіктердің қызметтер көрсету (туроператорлар мен турагенттердің қызметтер көрсетуі) секторы бойынша;

      ауа райын болжау және метеорология жөнінде қызметтер көрсету секторы бойынша;

      кино және бейнефильмдер шығарумен және таратумен байланысты қызметтер көрсету, сондай-ақ бейнефильмдер көрсетімі бойынша қызметтер көрсету секторлары бойынша;

      ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында қызметтер көрсету секторлары бойынша әкімшілік ынтымақтастық туралы келісім жасасуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      3.Еуразиялық экономикалық комиссия баяндаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында мына мекенжай бойынша: http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/dobd/work_group/ Documents/REPORT3.pdf. орналастырсын.

      4.Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан