О внесении изменения в перечень стандартов, содержащих правила и методы исследований (испытаний) и измерений, в том числе правила отбора образцов, необходимые для применения и исполнения требований технического регламента Таможенного союза "О безопасности упаковки" (ТР ТС 005/2011) и осуществления оценки соответствия объектов технического регулирования

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 16 апреля 2019 года № 60

      В соответствии с пунктом 4 Протокола о техническом регулировании в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 9 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 5 приложения № 2 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. В позициях 25 – 68 и 259 – 302 перечня стандартов, содержащих правила и методы исследований (испытаний) и измерений, в том числе правила отбора образцов, необходимые для применения и исполнения требований технического регламента Таможенного союза "О безопасности упаковки" (ТР ТС 005/2011) и осуществления оценки соответствия объектов технического регулирования, утвержденного Решением Комиссии Таможенного союза от 16 августа 2011 г. № 769, в графе 5 слова "применяется до 01.01.2019" заменить словами "применяется до включения соответствующего межгосударственного стандарта в перечень стандартов".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2019 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
Т. Саркисян

Зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 60 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінің 25 – 68 және 259 - 302-позицияларында 5-бағандағы "01.01.2019 дейін қолданылады" деген сөздер "тиісті мемлекетаралық стандарт стандарттар тізбесіне енгізілгенге дейін қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян