О вступлении в силу Соглашения об обмене информацией о товарах и транспортных средствах международной перевозки, перемещаемых через таможенные границы Евразийского экономического союза и Китайской Народной Республики, от 6 июня 2019 года

Решение Высшего Евразийского экономического совета от 21 апреля 2020 года № 3.

      В соответствии с абзацем вторым пункта 2 статьи 7 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и статьей 11 Соглашения об обмене информацией о товарах и транспортных средствах международной перевозки, перемещаемых через таможенные границы Евразийского экономического союза и Китайской Народной Республики, от 6 июня 2019 года (далее - Соглашение) и приняв к сведению информацию Председателя Коллегии Евразийской экономической комиссии о выполнении внутригосударственных процедур всеми государствами - членами Евразийского экономического союза, необходимых для вступления Соглашения в силу, Высший Евразийский экономический совет решил:

      1. Признать Соглашение обязательным для Евразийского экономического союза с даты его вступления в силу.

      2. Евразийской экономической комиссии:

      не позднее 10 рабочих дней с даты получения последнего письменного уведомления о завершении государствами - членами Евразийского экономического союза внутригосударственных процедур, необходимых для вступления Соглашения в силу, направить в адрес Китайской Народной Республики уведомление, предусмотренное статьей 11 Соглашения;

      проинформировать правительства государств - членов Евразийского экономического союза о дате вступления Соглашения в силу.

      3. Настоящее Решение вступает в силу с даты его официального опубликования.

     

      Члены Высшего Евразийского экономического совета:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации


2019 жылғы 6 маусымдағы Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімнің күшіне енуі туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 3 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының екінші абзацына және 2019 жылғы 6 маусымдағы Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекеттердің Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы ақпаратын назарға ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Келісім күшіне енген күнінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия:

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей Қытай Халық Республикасының атына Келісімнің 11-бабында көзделген хабарламаны жіберсін;

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерін Келісімнің күшіне енген күні туралы хабардар етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
     

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан