О внесении изменений в некоторые решения Комиссии Таможенного союза

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 5 апреля 2022 года № 48.

      В соответствии со статьями 43 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, пунктом 16 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктами 7 и 16 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Абзац второй подпункта 7.1.15 пункта 7 Решения Комиссии Таможенного союза от 27 ноября 2009 г. № 130 "О едином таможенно-тарифном регулировании Евразийского экономического союза" признать утратившим силу.

      2. Внести в Порядок применения освобождения от уплаты таможенных пошлин при ввозе отдельных категорий товаров на единую таможенную территорию Таможенного союза, утвержденный Решением Комиссии Таможенного союза от 15 июля 2011 г. № 728, следующие изменения:

      а) пункт 4 дополнить абзацем следующего содержания:

      "Срок действия указанных ограничений по пользованию и (или) распоряжению товарами, в отношении которых применена тарифная льгота в порядке и на условиях, которые предусмотрены настоящим пунктом, составляет 2 года со дня выпуска таких товаров в соответствии с таможенной процедурой выпуска для внутреннего потребления.";

      б) пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Авиационные двигатели, запасные части и оборудование, необходимые для ремонта и (или) технического обслуживания гражданских пассажирских самолетов и (или) авиационных двигателей к ним, освобождаются от уплаты таможенных пошлин в соответствии с подпункта 7.1.15 пункта 7 Решения Комиссии Таможенного союза от 27 ноября 2009 г. № 130 при представлении в таможенный орган государства – члена Евразийского экономического союза заявления декларанта об их целевом использовании.

      Указанные товары допускается использовать исключительно для ремонта и (или) технического обслуживания гражданских пассажирских самолетов и (или) авиационных двигателей к ним. Реализация (продажа) указанных авиационных двигателей, запасных частей и оборудования допускается только лицам, одним из видов деятельности которых является эксплуатация, и (или) ремонт, и (или) техническое обслуживание гражданских пассажирских самолетов и (или) авиационных двигателей к ним либо деятельность, связанная с обеспечением этих лиц такими авиационными двигателями, запасными частями и оборудованием.

      Предусмотренные настоящим пунктом ограничения по пользованию и (или) распоряжению товарами действуют до использования авиационных двигателей, запасных частей и оборудования для ремонта и (или) технического обслуживания гражданских пассажирских самолетов и (или) двигателей к ним.".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Султанов

А. Кожошев

А. Оверчук


Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 48 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы "Еуразиялық экономикалық одақтағы бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.15-тармақшасының екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген Кеден одағының бірыңғай кеденді аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босатуды қолдану тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақта көзделген тәртіппен және жағдайларда тарифтік жеңілдік қолданылған тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша көрсетілген шектеулердің қолданылу мерзімі ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарлар шығарылған күннен бастап 2 жылды құрайды.";

      б) 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12.Азаматтық жолаушылар ұшақтарын және (немесе) олардың авиациялық қозғалтқыштарын жөндеу және (немесе) техникалық қамту үшін қажетті авиациялық қозғалтқыштар, босалқы бөлшектер мен жабдықтар декларанттың оларды нысаналы пайдалану туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына өтінішін ұсынуы арқылы Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағының 7.1.15-тармақшасына сәйкес кедендік баждарды төлеуден босатылады.

      Көрсетілген тауарларды азаматтық жолаушылар ұшақтарын және (немесе) олардың авиациялық қозғалтқыштарын жөндеу және (немесе) техникалық қамту үшін ғана пайдалануға жол беріледі. Көрсетілген авиациялық қозғалтқыштарды, босалқы бөлшектер мен жабдықтарды өткізуге (сатуға) қызмет түрлерінің бірі азаматтық жолаушылар ұшақтарын және (немесе) оларға авиациялық қозғалтқыштарды пайдалану және (немесе) жөндеу және (немесе) техникалық қамту болып табылатын тұлғаларға не осы адамдарды осындай авиациялық қозғалтқыштармен, босалқы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге байланысты қызметке ғана жол беріледі.

      Осы тармақта көзделген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулер азаматтық жолаушылар ұшақтарын және (немесе) олардың қозғалтқыштарын жөндеуге және (немесе) техникалық қамтуға арналған авиациялық қозғалтқыштарды, босалқы бөлшектер мен жабдықтарды пайдаланғанға дейін қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук