О внесении изменений в некоторые решения Совета Евразийской экономической комиссии

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 15 апреля 2022 года № 53.

      Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Внести в решения Совета Евразийской экономической комиссии изменения согласно приложению.

      2. Установить, что срок действия актов экспертизы, действующих на дату вступления настоящего Решения в силу, продлевается на 1 год.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики Армения

От Республики Беларусь

От Республики Казахстан

От Кыргызской Республики

От Российской Федерации

М. Григорян

И. Петришенко

Б. Султанов

А. Кожошев

А. Оверчук

  Приложение
к Решению Совета
Евразийской экономической комиссии
от 15 апреля 2022 г. № 53

ИЗМЕНЕНИЯ,

вносимые в решения Совета Евразийской экономической комиссии

      1. В Правилах определения страны происхождения отдельных видов товаров для целей государственных (муниципальных) закупок, утвержденных решением Совета Евразийской экономической комиссии от 23 ноября 2020 г. № 105:

      а) в абзаце третьем пункта 9 слова "в течение 1 года" заменить словами "в течение 2 лет";

      б) в приложении № 1 к указанным Правилам:

      в разделе V в позиции "из 8427, из 8436 Погрузчики леса":

      в графе первой текст изложить в следующей редакции:

      "из 8427 20 190 Погрузчики лесоматериалов фронтальные (челюстные, грейферные) и манипуляторного типа

      8436 80 100 9 Машины и оборудование для лесного хозяйства прочие";

      в графе второй:

      абзац шестой дополнить словами "(при наличии в конструкции)";

      дополнить абзацами следующего содержания:

      "производство или использование произведенных на территориях государств-членов оборудования уборочного лесного и (или) толкателя бревен (при наличии в конструкции);

      производство или использование произведенных на территориях государств-членов гидроманипуляторов (при наличии в конструкции);

      производство или использование произведенных на территориях государств-членов трелевочных захватов (при наличии в конструкции)";

      в разделе VIII позицию "из 3209 10 000 Материалы лакокрасочные на основе акриловых или виниловых полимеров в водной среде" в графе первой дополнить словами "из 3907 Термопластики для горизонтальной разметки автомобильных дорог".

      2. В пункте 2 Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 24 декабря 2021 г. № 145 "О внесении изменений в Правила определения страны происхождения отдельных видов товаров для целей государственных (муниципальных) закупок" слова "31 декабря 2022 г." заменить словами "30 июня 2023 г.".

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 53 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім күшіне енген күнге қолданыстағы сараптама актілерінің қолданылу мерзімі 1 жылға ұзартылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

Б.Сұлтанов

А.Кожошев

А. Оверчук

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі
№ 53 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларында:

      а) 9-тармақтың үшінші абзацында "1 жыл ішінде" деген сөздер "2 жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) көрсетілген Қағидаларға № 1 қосымшада:

      V бөлімде "8427-ден, 8436-дан Ағаш тиеуіш" позициясында:

      бірінші графада мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "8427 20 190-нан Ағаш материалдарын фронталды (жақсүйек тәріздес, қармағышты) және қолқұрылғы типті тиеуіш

      8436 80 100 9 Өзге де орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдық";

      екінші графада:

      алтыншы абзац ("құрастырылымында бар болған кезде") деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "өндірісі немесе мүше мемлекеттер аумағында өндірілген ағаш жинағыш және (немесе) бөрене итергіш (құрастырылымында бар болған кезде) жабдықты пайдалану;

      өндірісі немесе мүше мемлекеттер аумағында өндірілген су қолқұрылғыларын (құрастырылымында бар болған кезде) пайдалану;

      өндірісі немесе мүше мемлекеттер аумағында өндірілген сүйрегіш қармауларды (құрастырылымында бар болған кезде) пайдалану";

      VІІІ бөлімде "3209 10 000-ден Сулы ортадағы акрил немесе винил полимерлер негізіндегі лак-бояу материалдары" позициясы бірінші графада "Автомобиль жолдарына деңгейлес белгі салуға арналған термопластиктер" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енізу туралы" № 145 шешімінің 2-тармағында "2022 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2023 жылғы 30 маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.