О внесении изменений в Решение Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 г. № 877

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 15 февраля 2023 года № 51.

      В соответствии со статьей 52 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктом 29 приложения № 1 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1.Внести в Решение Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 г. № 877 "О принятии технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" следующие изменения:

      а) пункт 3 дополнить подпунктом 3.2.10 следующего содержания:

      "3.2.10.Выпуск в обращение и нахождение в эксплуатации транспортных средств, указанных в абзаце четвертом пункта 1 раздела I Технического регламента, допускаются в количестве не более 175 штук при условии обеспечения их безопасности и только на территории Республики Казахстан. В отношении таких транспортных средств не допускается оформление документов об оценке соответствия, предусмотренных Техническим регламентом.

      Осуществление прав владения, пользования, распоряжения транспортными средствами, указанными в абзаце четвертом пункта 1 раздела I Технического регламента, не допускается на территориях государств – членов Евразийского экономического союза, за исключением территории Республики Казахстан.";

      б)пункт 1 раздела I технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011), принятого указанным Решением, дополнить абзацем следующего содержания:

      "До 15 октября 2023 г. допускаются установление и применение обязательных требований в отношении отдельных колесных транспортных средств категории M3, выпускаемых в обращение на территории Республики Казахстан, а также проведение оценки соответствия таких транспортных средств в соответствии с нормативными правовыми актами Правительства Республики Казахстан.".

      2. Информация о том, что колесное транспортное средство выпускается в обращение в соответствии с абзацем четвертым пункта 1 раздела I технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011), принятого Решением Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 г. № 877, и что Республика Казахстан является территорией, на которой оно может обращаться, указывается в свидетельстве о регистрации такого колесного транспортного средства.

      3.Просить Правительство Республики Казахстан обеспечить:

      формирование и ведение реестра колесных транспортных средств, выпущенных (выпускаемых) в обращение в соответствии с абзацем четвертым пункта 1 раздела I технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011) (с указанием их идентификационных номеров, марок и коммерческих наименований);

      недопущение вывоза (в том числе временного) колесных транспортных средств, указанных в абзаце втором настоящего пункта, на территории других государств – членов Евразийского экономического союза.

      4.Контроль за исполнением настоящего Решения осуществляется уполномоченными органами Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5.Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казахстан

От Кыргызской
Республики

От Российской
Федерации

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жумангарин

А. Касымалиев

А. Оверчук


Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 51 шешімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

      1."Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3.2.10-тармақшамен толықтырылсын:

      "3.2.10.Техникалық регламенттің I бөлімінің 1-тармағының төртінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын айналысқа шығаруға және пайдалануда болуға олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және тек Қазақстан Республикасының аумағында 175 данадан аспайтын мөлшерде жол беріледі. Мұндай көлік құралдарына қатысты Техникалық регламентте көзделген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ресімдеуге жол берілмейді.

      Техникалық регламенттің I бөлімінің 1-тармағының төртінші абзацында көрсетілген көлік құралдарын иелену, пайдалану, оларға билік ету құқықтарын Қазақстан Республикасының аумағын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында жүзеге асыруға жол берілмейді.";

      б)көрсетілген Шешіммен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (ТР ТС 018/2011) I бөлімінің 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "2023 жылғы 15 қазанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын M3 санатындағы жекелеген дөңгелекті көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды белгілеуге және қолдануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізуге жол беріледі."

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) I бөлімінің 1-тармағының төртінші абзацына сәйкес айналымға доңғалақты көлік құралының шығарылатыны және Қазақстан Республикасы доңғалақтың айналымға шығарылатын аумағы болып табылатыны туралы ақпарат осындай доңғалақты көлік құралын тіркеу туралы куәлікте көрсетілуі мүмкін.

      3.Қазақстан Республикасының Үкіметінен:

      Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ТР ТС 018/2011) I бөлімінің 1-тармағының төртінші абзацына сәйкес айналысқа шығарылған (шығарылатын) доңғалақты көлік құралдарының тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді (олардың сәйкестендіру нөмірлерін, маркаларын және коммерциялық атауларын көрсете отырып);

      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген дөңгелекті көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына шығаруға (оның ішінде уақытша) жол бермеуді қамтамасыз етуді сұрау.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шешімнің орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары жүзеге асырады.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

М. Григорян

И. Петришенко

С. Жұманғарин

А. Касымалиев

А. Оверчук