Басқа мемлекеттермен хұқықтық көмек пен хұқықтық
ынтымақтастықты дамытуға зор мән бере отырып, "Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарын жасасу,орындау және күшiн
жою тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына
сәйкес қаулы етемiн:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне азаматтық және
қылмыстық iстер бойынша хұқықтық көмек пен хұқықтық ынтымақтастық
туралы Қазақстан Республикасының келiссөздерiн жүргiзуге және
халықаралық шарттарына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi