Республикалық валюта қорының толық көлемiнде қалыптасуын,
сыртқы қарыздың дер кезiнде өтелуiн, алтын қоры мен алмас қорының
пайдаланылуына бақылауды күшейтудi, бағалы металдар мен асыл
тастар сатудан түсiмнiң толық келiп түсуiн қамтамасыз ету
мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Республикалық
валюта қорын қалыптастыру мен қаражатын пайдаланудың бағыттарын
айқындау қызметi жүктелсiн. Республикалық валюта қорының қаражатын
нысаналы түрде пайдалануды бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне жүктелсiн.
2. Шетелдiк инвесторлардан алынатын бонустар мен роялтилердiң
барлық сомасы, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды сатудан
түскен валюталық түсiм сомасы арнаулы валюталық шотқа бөлiне отырып,
Республикалық валюта қорының кiрiсiне мiндеттi түрде есептелетiн
болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан
Республикасының атынан Қазақстан Республикасы алатын сыртқы
займдар туралы келiсiмге және Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесi Қазақстан Республикасының сыртқы қарыздар лимитi мен сыртқы
займға кепiлдiк лимитi шеңберiнде бекiткен Қазақстан Республикасының
заем алушылары алатын Қазақстан Республикасының сыртқы займы бойынша
кепiлдiгiне қол қою өкiлдiгi жүктелсiн.
4. Алынатын шетел кредиттерiнiң көлемiн дұрыс анықтау, сондай-ақ
мемлекеттiк бюджет құрамында сыртқы қарыздарды өтеу үшiн қажет
валюталық қаражат көлемiне болжам жасау мақсатында министрлiктер,
ведомстволар, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк концерндер мен
корпорациялар, коммерциялық банктер, жергiлiктi әкiмшiлiктер, басқа
да мемлекеттiк басқару органдары, кәсiпорындар мен ұйымдар сыртқы
займдар /шетел кредиттерi/ жөнiнде келiсiм туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының
Экономика министрлiгiне мiндеттi ақпарат берiп тұратын болып
белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi:
асыл тастар мен бағалы металдарды тасымалдауға,
экспедициялауға, сақтандыруға және инкассациялауға байланысты соммен
жұмсалған барлық шығындарды өтей отырып пайда есебiнен бағалы
металдар мен асыл тастарды алуға, сақтауға және сатуға байланысты
барлық шығынның орнын жабу үшiн арнаулы қор құрсын;
бағалы металдар мен асыл тастар қалдықтарының мөлшерi,
олардың келiп түскен және сатылған көлемi туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне ай сайын ақпарат берiп тұрсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен бағалы
металдар мен асыл тастарды сатудан түскен валюталық түсiмдi Ұлттық
банктiң сақтандыру, тасымалдау, ұшақ жалдау, бағалы металдар мен
асыл тастарды жөнелтуге байланысты басқа да шығыстары жөнiндегi
валюталық шығынды шығарып тастаған соң Республикалық валюталық
қорға аударуды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi