О мерах по укреплению дисциплины в государственном аппарате

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 3 мая 1999 года N 45. Утратило силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696)(вводится в действие со дня подписания)

      1. За ослабление контроля над деятельностью министерств и иных подведомственных органов и допущенные лично неоднократные случаи несвоевременного исполнения отдельных актов и поручений Президента Республики Казахстан объявить выговоры: 
      Джандосову У.А. - Заместителю Премьер-Министра Республики Казахстан - Министру финансов Республики Казахстан; 
      Аблязову М.К. - Министру энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан. 
      2. Обратить внимание Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан Тлеубердина А.А. на недостаточную работу по обеспечению контроля за своевременным и исчерпывающим исполнением актов и поручений Главы государства подразделениями Канцелярии. 
      3. Премьер-Министру Республики Казахстан Балгимбаеву Н.У., руководителям министерств, агентств и ведомств провести служебные расследования по каждому факту несвоевременного исполнения актов и поручений Главы государства с принятием жестких мер к виновным лицам, вплоть до освобождения от занимаемых должностей. 
      4. Правительству Республики Казахстан принять оперативные меры по устранению причин недисциплинированности и формализма в деятельности центральных и местных исполнительных органов, наведению порядка в работе их аппаратов, кадровому и техническому укреплению организационно-контрольных и документационных подразделений, повышению персональной ответственности должностных лиц. 
      5. Администрации Президента Республики Казахстан при участии Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан регулярно проверять работу аппаратов министерств, агентств и ведомств по организации исполнения актов и поручений Главы государства. 
      6. Контроль за исполнением настоящего распоряжения возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан. 

           Президент 
     Республики Казахстан

Мемлекеттік аппаратта тәртіпті күшейту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 3 мамыр N 45. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      1. Министрліктер мен өзге де ведомстволық бағынысты органдардың қызметіне бақылауды әлсіреткені және Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген актілері мен тапсырмаларының уақтылы атқарылмауына жеке өздері жол берген бірнеше оқиғалар үшін: 
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі О.Ә.Жандосовқа; 
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі М.Қ.Әблязовқа сөгіс жариялансын. 
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А.Тлеубердиннің назары Кеңсе бөлімшелерінің Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын уақтылы және егжей-тегжейлі атқаруын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың жетімсіздігіне аудартылсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Н.Ө.Балғымбаев, министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың басшылары Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының әрбір уақтылы орындалмау фактісі бойынша қызметтік тексерулер жүргізсін, кінәлі адамдарға атқаратын қызметтерінен босатуға дейін қатаң шаралар қолдансын. 
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі тәртіпсіздік пен жалаң нысаншылдық себептерін жою, олардың аппараттарының жұмысын тәртіпке келтіру, ұйымдық-бақылау және құжаттамалық бөлімшелерді кадрлық және техникалық тұрғыда нығайту, лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін арттыру жөнінде жедел шаралар қолдансын. 
      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қатысуымен министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар аппараттарының Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын атқаруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысын ұдайы тексеріп отыратын болсын.
      6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.     

      Қазақстан Республикасының
      Президенті