Об утверждении Перечней товаров, не подлежащих помещению под некоторые таможенные режимы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 января 2000 года N 71. Утратило силу - постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 681 (P030681)

      Во исполнение Закона  Республики Казахстан от 20 июля 1995 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить:
      Перечень товаров, не подлежащих помещению под таможенный режим таможенного склада
      Перечень товаров, не подлежащих помещению под таможенный режим отказа в пользу государства
      Перечень товаров, не подлежащих помещению под таможенный режим магазина беспошлинной торговли
      2. Настоящее постановление вступает в силу через тридцать дней со дня опубликования.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

                                                  Утвержден
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан
                                        от 13 января 2000 года N 71

               Перечень товаров, не подлежащих помещению
                под таможенный режим таможенного склада

      1. Оружие всякого рода военных образцов, боеприпасы к нему, военное снаряжение и взрывчатые вещества.
      2. Вооружение, военная техника, специальные комплектующие изделия для их производства.
      3. Печатные и изобразительные материалы, направленные на подрыв государственного и общественного строя, пропагандирующие войну, терроризм, насилие, расизм, а также материалы порнографического содержания.
      4. Произведения искусства, предметы старины и иные предметы, представляющие значительную художественную, историческую, научную или культурную ценность.
      5. Рога сайгаков, моралов, пятнистых оленей и изюбрей, а также шкуры пятнистого оленя.
      6. Аннулированные ценные бумаги.
      7. Станки и машины, предназначенные для изготовления предметов вооружения, боеприпасов и летательных аппаратов.
      8. Наркотические и психотропные вещества, а также приспособления для их употребления.
      9. Яды сильнодействующие.
      10. Радиоактивные материалы.

                                                   Утвержден
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан
                                        от 13 января 2000 года N 71

             Перечень товаров, не подлежащих помещению
         под таможенный режим отказа в пользу государства

      1. Вооружение, боеприпасы к нему, военная техника, запасные части, комплектующие изделия и приборы к ним.
      2. Специальное снаряжение личного состава военизированных организаций и нормативно-техническая продукция на их производство и эксплуатацию.
      3. Взрывчатые вещества, средства взрывания.
      4. Ракетно-космические комплексы, системы связи и управления военного назначения и нормативно-техническая документация на их производство и эксплуатацию.
      5. Все виды ракетного топлива, а также специальные материалы и специальное оборудование для их производства.
      6. Боевые отравляющие вещества, средства защиты от них и нормативно-техническая документация на их производство и использование.
      7. Уран, другие делящиеся материалы и изделия из них.
      8. Результаты научно-исследовательских и проектных работ, а также фундаментальных поисковых исследований по созданию вооружения и военной техники.
      9. Шифровальная техника и нормативно-техническая документация на ее производство и использование.
      10. Наркотические средства, психотропные, сильнодействующие, ядовитые вещества.
      11. Отходы радиоактивных материалов.
      12. Отходы взрывчатых веществ.
      13. Промышленные отходы.
      14. Электрическая, тепловая и иные виды энергии.
      15. Товары с просроченным сроком потребления, а также товары, не соответствующие установленному в соответствии с законодательством Республики Казахстан государственному стандарту.

                                                  Утвержден
                                        постановлением Правительства
                                            Республики Казахстан
                                        от 13 января 2000 года N 71

           Перечень товаров, не подлежащих помещению под
          таможенный режим магазина беспошлинной торговли

      1. Оружие всякого рода военных образцов, боеприпасы к нему и военное снаряжение, наркотические и психотропные вещества, а также приспособления для их употребления.
      2. Печатные и изобразительные материалы, направленные на подрыв государственного и общественного строя, пропагандирующие войну, терроризм, насилие, расизм, а также материалы порнографического содержания.
      3. Товары производственного и военно-технического назначения.
      4. Тяжеловесные товары (весом более 20 кг) и громоздкие товары (при сумме размеров по длине, ширине и высоте более 200 см).

Кейбір кедендік режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 13 қаңтар N 71. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын  орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Мыналар бекітілсін:
      Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі;
      Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі;
      Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2000 жылғы 13 қаңтардағы
N 71 қаулысымен бекітілген

Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға
жатпайтын тауарлардың тізбесі

      1. Әскери үлгідегі алуан түрдегі қару, оларға оқ-дәрілер, әскери жарақтар және жарылғыш заттар.
      2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды жасауға арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар.
      3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты бұзуға бағытталған, соғысты, терроршылдықты, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
      4. Өнер туындылары, көне заттар және маңызды көркемдік, тарихи, ғылым немесе мәдени құндылығы бар өзге де заттар.
      5. Киіктің, маралдың, теңбіл бұғының және изюбрдің мүйіздері, сондай-ақ теңбіл бұғының терісі.
      6. Күші жойылған құнды қағаздар.
      7. Қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің және ұшу аппараттарының нысандарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар.
      8. Есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды қолдануға арналған аспаптар.
      9. Күшті әсер ететін улар.
      10. Радиоактивті материалдар.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2000 жылғы 13 қаңтардағы
N 71 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі

      1. Қару-жарақ, оларға оқ-дәрілер, әскери техника, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және оларға аспаптар.
      2. Әскерилендірілген ұйымдардың жеке құрамының арнайы жарақтары және оларды жасау мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық өнім.
      3. Жарылғыш заттар, жару құралдары.
      4. Зымырандық-ғарыштық кешендер, байланыс және әскери мақсаттағы басқару жүйелері мен оларды жасауға және пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
      5. Зымыран отынының барлық түрі, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдық.
      6. Ұрыста қолданылатын уландырғыш заттар, олардан қорғану құралдары және оларды жасау мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
      7. Уран, басқа да бөлінетін материалдар және олардан жасалған бұйымдар.
      8. Қару-жарақ пен әскери техниканы жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестіру зерттеулерінің нәтижелері.
      9. Шифрлау техникасы және оны жасауға және пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
      10. Есірткі құралдары, психотроптық, күшті әсер ететін улы заттар.
      11. Радиоактивті материалдардың қалдықтары.
      12. Жарылғыш заттардың қалдықтары.
      13. Өнеркәсіптік қалдықтар.
      14. Энергияның электр, жылу және өзге де түрлері.
      15. Тұтыну мерзімі өткен тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін тауарлар.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2000 жылғы 13 қаңтардағы 
N 71 қаулысымен бекітілген

Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі

      1. Әскери үлгілердің алуан түріндегі қару, оларға оқ-дәрілер, әскери жарақтар, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды қолдануға арналған аспаптар.
      2. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты бұзуға бағытталған, соғысты, терроршылдықты, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
      3. Өндірістік және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар.
      4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг астам) және көлемді тауарлар (ұзындығы, ені және биіктігі бойынша мөлшерлерінің 200 см астам жиынтығы жағдайында).