О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2000 года N 157

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 2001 года N 489. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 февраля 2003 г. N 173

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2000 года N 157 P000157_  "Об утверждении Правил о порядке обеспечения обучающихся и воспитанников организаций образования учебниками" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 5-7, ст.64) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах о порядке обеспечения обучающихся и воспитанников организаций образования учебниками, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 1 слова "со статьей 36" заменить словами "со статьями 30 и 36";
      пункт 6 после слов "Министерство образования и науки Республики Казахстан" дополнить словами ", акимы областей, городов Астаны и Алматы";
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Объем государственного заказа на очередной финансовый год на приобретение и доставку учебников и учебно-методических комплексов для обновления библиотечных фондов государственных учреждений среднего образования по количеству экземпляров, наименованиям, классам и языкам обучения формируется за счет средств местных бюджетов акимами областей, городов Астаны и Алматы.
      В рамках государственного заказа, выполняемого за счет средств республиканского бюджета и формируемого Министерством образования и науки Республики Казахстан, осуществляются разработка учебников и учебно-методических комплексов, обеспечение учебниками учащихся республиканских общеобразовательных учреждений и за рубежом";
      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:
      "7-1. Акимы областей, городов Астаны и Алматы обеспечивают государственные учреждения среднего образования по государственному заказу исключительно учебниками и учебно-методическими пособиями, разрешенными к использованию Министерством образования и науки Республики Казахстан".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Первый заместитель
     Премьер-Министра
     Республики Казахстан                           

    

     

     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 11 сәуір N 489 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.19. N 173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-7, 64-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережеде:
      1-тармақтағы "36-бабына" деген сөздер "30 және 36-баптарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген сөздерден кейін ", облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін даналар саны, атаулары, оқыту сыныптары мен тілдері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға және жеткізуге кезекті қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қалыптастырады.
      Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қалыптастыратын мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, республикалық жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларын және шетелдердегі оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады";
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
     "7-1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді мемлекеттік тапсырыс бойынша тек қана Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі пайдалануға рұқсат еткен оқулықтар саны мен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрінің
     бірінші орынбасары