О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2000 года N 991

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2001 года N 992. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 28 мая 2002 г. N 579 ~P020579

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2000 года N 991 P000991_ "О создании единого автоматизированного банка данных учета налогоплательщиков Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., N 27, ст. 327) следующие изменения:
      1) заголовок изложить в следующей редакции:
      "О создании государственного реестра налогоплательщиков и объектов налогообложения Республики Казахстан";
      2) в преамбуле и пункте 1 слова "единого автоматизированного банка данных учета налогоплательщиков" заменить словами "государственного реестра налогоплательщиков и объектов налогообложения";
      3) в пункте 2 слова "единый автоматизированный банк данных учета налогоплательщиков" заменить словами "государственный реестр налогоплательщиков и объектов налогообложения";
      4) пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Министерству государственных доходов Республики Казахстан в срок до 1 июля 2001 года разработать и утвердить протоколы-регламенты обмена информацией для ведения государственного реестра налогоплательщиков и объектов налогообложения Республики Казахстан совместно со следующими государственными органами:
      1) Министерством юстиции Республики Казахстан;
      2) Министерством внутренних дел Республики Казахстан;
      3) Министерством природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан;
      4) Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан;
      5) Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан;
      6) Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
      7) Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан;
      8) Агентством Республики Казахстан по статистике;
      9) Агентством Республики Казахстан по миграции и демографии;
      10) Агентством Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами.
      Протоколы-регламенты совместно с иными государственными органами, указанными в пункте 2 вышеназванных Правил, утвердить в срок до 30 ноября 2001 года.";
      5) в Правилах ведения единого автоматизированного банка данных учета налогоплательщиков Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Правила ведения государственного реестра налогоплательщиков и объектов налогообложения Республики Казахстан";
      в пункте 1 слова "единого автоматизированного банка данных учета налогоплательщиков" заменить словами "государственного реестра налогоплательщиков и объектов налогообложения".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан   


     (Специалисты: Мартина Н.А.,
                   Абрамова Т.М.)


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 шілде N 992. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.05.28. N 579 қаулысымен. ~P020579

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 маусымдағы N 991 P000991_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін құру туралы";
      2) кіріспедегі және 1-тармақтағы "салық төлеушілерін есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін" деген сөздер "салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 2-тармақтағы "салық төлеушілерді есепке алудың автоматтандырылған бірыңғай деректер банкін" деген сөздер "салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі 2001 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде мынадай мемлекеттік органдармен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен;
      2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен;
      3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен;
      4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен;
      5) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен;
      6) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен;
      7) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен;
      8) Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен;
      9) Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігімен;
      10) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу үшін ақпарат алмасудың хаттама-регламенттерін әзірлесін және бекітсін.
      Хаттама-регламенттер жоғарыда аталған Ереженің 2-тармағында көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2001 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде бекітілсін.".
      5) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының салық

төлеушілерін есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған деректер банкін 
жүргізу ережесінде: 
     тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
     "Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің және салық салу 
объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі"; 
     1-тармақтағы "салық төлеушілерін есепке алудың бірыңғай 
автоматтандырылған деректер банкін" деген сөздер "салық төлеушілерінің 
және салық салу объектілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен 
ауыстырылсын. 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 
     
     
     Қазақстан Республикасының 
         Премьер-Министрі 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж.