Об утверждении Положения о Попечительском совете при воспитательных колониях уголовно-исполнительной системы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2002 года N 655. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 821

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2015 № 821 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 138 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Попечительском совете при воспитательных колониях уголовно-исполнительной системы.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                              Утверждено
                                     постановлением Правительства
                                         Республики Казахстан
                                      от 17 июня 2002 года N 655

 Положение
о Попечительском совете при воспитательных
колониях уголовно-исполнительной системы

1. Общие положения

       1. Настоящее Положение определяет порядок деятельности Попечительского совета, создаваемого при воспитательных колониях уголовно-исполнительной системы (далее - Совет), для оказания помощи администрации колонии в организации учебно-воспитательного процесса и укреплении материально-технической базы, решения вопросов социальной защиты осужденных, трудового и бытового устройства освобождающихся лиц.
      2. Совет в своей деятельности руководствуется Конституцией,  законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Совет не является юридическим лицом.

 2. Задачи Совета

      4. Основными задачами Совета являются:
      1) оказание помощи администрации колонии в организации учебно- воспитательного процесса, укреплении материально-технической базы учреждения;
      2) оказание помощи в решении вопросов социальной защиты осужденных, трудового и бытового устройства освобождающихся.

 3. Функции Совета

      5. Основными функциями Совета в соответствии с возложенными на него задачами в установленном законодательством порядке являются:
      1) содействие в оказании правовой, социальной и психологической помощи осужденным и освобождающимся лицам;
      2) оказание помощи в улучшении коммунально-бытовых условий содержания осужденных;
      3) содействие исправительным учреждениям в обеспечении учебными и методическими материалами в целях организации учебно-воспитательного процесса;
      4) проведение семинаров, конференций и других мероприятий, содействующих достижению задач Совета;
      5) организация шефства над освобождающимися несовершеннолетними и оказание им помощи в трудовом и бытовом устройстве;
      6) привлечение к воспитательному процессу неправительственных общественных и религиозных организаций;
      7) информирование общественности о проблемах и нуждах воспитательной колонии;
      8) содействие развитию художественно-прикладного творчества среди осужденных;
      9) организация благотворительных концертов, встреч, лекций, спортивных, просветительских и культурных мероприятий, пополнение библиотечных фондов воспитательных колоний;
      10) осуществление иной деятельности, не противоречащей законодательству.

4. Права Совета

      6. Совет при осуществлении возложенных на него задач имеет право в установленном законодательством порядке:
      1) обращаться к общественным объединениям и организациям по вопросам оказания помощи воспитательным колониям в организации воспитательного процесса и в укреплении материально-технической базы, социальной защиты осужденных;
      2) вносить администрации воспитательной колонии, руководству территориального органа управления уголовно-исполнительной системы, иным организациям предложения рекомендательного характера по организации учебно-воспитательного процесса и укрепления материально-технической базы учреждения, решению вопросов социальной защиты осужденных, трудового и бытового устройства освобождающихся;
      3) посещать воспитательные колонии, знакомиться в пределах своей компетенции с ее деятельностью, встречаться с осужденными, проводить с ними занятия и беседы;
      4) запрашивать и получать от государственных органов Республики Казахстан и организаций материалы, необходимые для реализации задач Совета.

5. Организация деятельности Совета

      7. Состав Совета утверждается управлениями Комитета уголовно- исполнительной системы по областям, городов Астаны и Алматы. Количество членов Совета должно составлять нечетное число лиц.
      8. Совет поддерживает постоянную связь с управлением Комитета уголовно-исполнительной системы области, в ведении которого находится воспитательная колония.
      9. Совет создается из представителей государственных организаций, общественных объединений и граждан.
      10. Все члены Совета имеют равные права.
      11. Совет возглавляет председатель.
      12. Председатель, заместитель председателя и секретарь Совета избираются из его состава открытым голосованием сроком на 2 года с правом переизбрания на следующий срок и утверждаются управлениями Комитета уголовно-исполнительной системы по областям, городов Астаны и Алматы.
      13. Председатель, заместитель председателя или секретарь Совета в случае ненадлежащего исполнения своих обязанностей могут быть досрочно переизбраны по инициативе двух третей членов Совета.
      14. Председатель руководит деятельностью Совета, председательствует на его заседаниях, планирует работу, осуществляет общий контроль за ходом реализации его решений.
      15. Организационное обеспечение работы Совета, формирование повестки его очередного заседания и подготовку проектов протоколов Совета осуществляет по поручению председателя его заместитель.
      16. Контроль за подготовкой материалов для заседаний Совета, их рассылкой членам Совета и ведением делопроизводства в объеме, необходимом для обеспечения работы Совета, осуществляет секретарь Совета.
      17. Совет работает согласно плану, принимаемому его членами, согласованному с управлениями Комитета уголовно-исполнительной системы по областям, городов Астаны и Алматы.
      18. Заседания Совета проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал. На заседания Совета могут быть приглашены представители органов местного самоуправления, сотрудники управлений Комитета уголовно-исполнительной системы по областям, городов Астаны и Алматы, а также заинтересованных организаций.
      19. Повестка очередного заседания Совета, а также место, время, порядок и сроки его проведения определяются председателем Совета.
      20. Внеочередное заседание Совета созывается председателем по собственной инициативе или по просьбе не менее трети от общего числа членов Совета.
      21. Заседание Совета считается правомочным, если в его работе принимает участие не менее двух третей от общего числа членов Совета.
      22. Решения Совета принимаются большинством голосов от общего числа членов и оформляются протоколом.
      23. Протоколы Совета подписываются председателем и секретарем Попечительского совета и в течение трех дней после проведения заседания направляются членам Совета, государственным органам, в компетенцию которых входит решение рассмотренных Советом вопросов, иным организациям, список которых определяет председатель.

Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 маусым N 655. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 138-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                        Қазақстан Республикасы
                                 Yкiметiнiң 2002 жылғы 17 маусымдағы
                                       N 655 қаулысымен бекiтiлген

               Қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу
        колониялары жанындағы қамқоршылық кеңес туралы
                           ЕРЕЖЕ

                        1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже колония әкiмшiлiгiне оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда және материалдық-техникалық базасын нығайтуда көмек көрсету, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатын адамдарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерiн шешу үшiн қылмыстық-атқару жүйесiнiң тәрбиелеу колониялары жанынан құрылатын Қамқоршылық кеңестiң (бұдан әрi - Кеңес) қызмет тәртібiн айқындайды.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Кеңес заңды тұлға болып табылмайды.
 
                       2. Кеңестiң мiндеттерi
 
      4. Кеңестiң негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) колония әкiмшiлігіне оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда, мекеменiң материалдық-техникалық базасын нығайтуда көмек көрсету;
      2) сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерiн шешуде көмек көрсету.
 
                      3. Кеңестiң функциялары
 
      5. Кеңестiң негiзгi функциялары заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналар болып табылады:
      1) сотталған және босатылатын адамдарға құқықтық, әлеуметтiк және психологиялық көмек көрсетуде жәрдемдесу;
      2) сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда көмек көрсету;
      3) түзеу мекемелерiне оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мақсатында оқу және әдiстемелiк материалдарымен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
      4) Кеңестiң мiндеттерiне қол жеткізуге жәрдемдесетiн семинарлар, конференциялар және басқа да iс-шаралар өткiзу;
      5) босатылатын кәмелетке толмағандарға медеткерлiктi ұйымдастыру және оларға еңбекке және тұрмыстық орналасуда көмек көрсету;
      6) тәрбие процесiне үкiметтiк емес қоғамдық және дiни ұйымдарды тарту;
      7) қоғамды тәрбиелеу колониясының проблемалары мен мұқтаждары туралы хабардар ету;
      8) сотталғандар арасында қолданбалы-көркем шығармашылықты дамытуға жәрдемдесу;
      9) қайырымдылық концерттер, кездесулер, лекциялар, спорттық, ағарту және мәдени iс-шаралар ұйымдастыру, тәрбиелеу колонияларының кiтапхана қорларын толықтыру;
      10) заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыру.

                       4. Кеңестiң құқықтары

      6. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
      1) қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарға тәрбиелеу колонияларына тәрбие процесiн ұйымдастыруда және материалдық-техникалық базасын нығайтуда көмек көрсету, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өтінiш жасауға;
      2) тәрбиелеу колониясының әкiмшiлігіне, қылмыстық-атқару жүйесi басқармасы аумақтық органының басшылығына, өзге де ұйымдарға мекеменiң оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру және материалдық-техникалық базасын нығайту, сотталғандарды әлеуметтiк қорғау, босатылатындарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерiн шешу жөнiнде ұсынымдық сипаттағы ұсыныстар енгiзуге;
      3) өз құзыреті шегінде тәрбиелеу колонияларына баруға, оның қызметiмен танысуға, сотталғандармен кездесуге, олармен сабақ және әңгiме өткiзуге;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға.
 
                   5. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
 
      7. Кеңестiң құрамын Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармалары бекiтедi. Кеңес мүшелерiнiң саны адамдардың тақ санын құрауы тиiс.
      8. Кеңес тәрбие колониясы қарамағында болатын облыстың Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасымен тұрақты байланыста болады.
      9. Кеңес мемлекеттiк ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнен және азаматтардан құрылады.
      10. Кеңестiң барлық мүшелерi тең құқыққа ие.
      11. Кеңестi төраға басқарады.
      12. Кеңес төрағасы, төрағасының орынбасары және хатшысы оның құрамынан ашық дауыспен 2 жыл мерзiмге келесi мерзiмге қайта сайлану құқығымен сайланады және оларды Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармалары бекiтедi.
      13. Кеңес төрағасы, төрағасының орынбасары немесе хатшысы өз мiндеттерiн тиесiлi атқармаған жағдайда, Кеңес мүшелерiнiң үштен екiсiнiң бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын қайта сайлануы мүмкiн.
      14. Төраға Кеңес қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылу барысына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      15. Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз етуi, оның кезекті отырысының күн тәртібiн қалыптастыруды және Кеңес хаттамаларының жобаларын дайындауды төрағаның тапсыруы бойынша оның орынбасары жүзеге асырады.
      16. Кеңес отырыстары үшiн материалдар дайындауға, оларды Кеңес мүшелерiне таратуға және Кеңес жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көлемде iс қағаздарын жүргізуге бақылауды Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      17. Кеңес оның мүшелерi қабылдаған Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармаларымен келiсiлген жоспарға сәйкес жұмыс iстейді.
      18. Кеңес отырыстары қажеттiлiк шамасына қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиi болмай өткiзiледі. Кеңес отырыстарына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi, Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша басқармаларының, сондай-ақ мүдделi ұйымдардың қызметкерлерi шақырылуы мүмкiн.
      19. Кеңестiң кезектi отырысының күн тәртібiн, сондай-ақ оны өткiзу орнын, уақытын, тәртібiн және мерзiмдерiн Кеңес төрағасы айқындайды.
      20. Кеңестiң кезектен тыс отырысын төраға өз бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырады.
      21. Кеңес отырысы, егер оның жұмысына Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
      22. Кеңес шешiмдерi мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.
      23. Кеңес хаттамаларына Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және олар отырыс өткізiлгеннен кейiн үш күн iшiнде Кеңес мүшелерiне, Кеңес қараған мәселелердi шешу құзыретiне кiретiн мемлекеттік органдарға, тiзiмiн төраға айқындайтын өзге де ұйымдарға жiберiледі.
      Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.