О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам статистического учета"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 ноября 2002 года N 1215

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам статистического учета".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

          Закон
Республики Казахстан О внесении изменений и дополнений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан по вопросам статистического учета

      Статья 1 . Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

       1. В Закон Республики Казахстан от 21 января 1997 г. "О банкротстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 1-2, ст.7; N 13-14, ст.205; 1998 г., N 14, ст.198; N 17-18, ст.225; 2000 г., N 22, ст.408; 2001 г., N 8, ст.52; N 17-18, ст.240; N 24, ст.338; 2002 г., N 17, ст.155):
      1) статью 70 дополнить подпунктом 1-3) следующего содержания:
      "1-3) в недельный срок со дня назначения представляет территориальному подразделению уполномоченного органа статистики копию решения суда о признании юридического лица банкротом;";
      2) в части третьей пункта 2 статьи 87 после слов "уполномоченному органу" дополнить словами ", территориальному подразделению уполномоченного органа статистики";
      3) пункт 4 статьи 94 дополнить словами ", а также направляет копию решения суда в территориальное подразделение уполномоченного органа статистики".

      2. В Закон Республики Казахстан от 19 июня 1997 г. "О государственной поддержке малого предпринимательства" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 12, ст.182; 1998 г., N 17-18, ст.225; 1999 г., N 21, ст.778; N 23, ст.931; 2001 г. N 4, ст.23; N 8, ст.52; N 24, ст.338; 2002 г., N 15, ст.150):
      пункт 2 статьи 10 исключить.

      3. В Закон Республики Казахстан от 31 марта 1998 г. "О крестьянском (фермерском) хозяйстве" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 2-3, ст.26; 2001 г. N 24, ст.338):
      в подпункте 4) пункта 1 статьи 18 слова "бухгалтерскую и статистическую отчетности" заменить словами "бухгалтерскую отчетность".

      Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие со дня официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне статистикалық есеп мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 15 қараша N 1215

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне статистикалық есеп мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                                           Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
статистикалық есеп мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) 70-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-3) тағайындалған күнiнен бастап бiр апта мерзiмде статистика уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесiне заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн табыс етеді;";
      2) 87-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiндегi "уәкiлетті органға" деген сөздерден кейiн ", статистика уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесiне" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 94-баптың 4-тармағы ", сондай-ақ сот шешiмiнiң көшiрмесiн статистика уәкiлеттi органының аумақтық бөлiмшесiне жiбередi" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат):
      10-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.

      3. "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 26-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      18-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "бухгалтерлiк және статистикалық есептердi" деген сөздер "бухгалтерлiк есеп берудi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi