Об объявлении моратория на проверки субъектов малого предпринимательства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 1390

      В целях исполнения поручения Президента Республики Казахстан, данного на 10-м Форуме предпринимателей Казахстана, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Центральным и местным исполнительным органам прекратить с 1 января по 1 октября 2003 года проверки субъектов малого предпринимательства, за исключением налоговых проверок, основанием для проведения которых является заявление налогоплательщика, встречных налоговых проверок и хронометражных обследований, проверок, проводимых в соответствии с законодательством в целях пресечения уголовных преступлений и административных правонарушений, а также проверок, проводимых для предотвращения действий, направленных на нарушение конституционного строя, общественного порядка, прав и свобод человека, норм законодательства Республики Казахстан о санитарно-эпидемиологическом благополучии населения.

      2. Центральным и местным исполнительным органам принять нормативные правовые акты, необходимые для реализации пункта 1 настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 27 желтоқсан N 1390

      Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-форумында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2003 жылғы 1 қаңтар - 1 қазан аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттер мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтар мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқаты туралы заңнамасы  нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатсын.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулының 1-тармағын іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі