Об утверждении Квалификационных требований к лицензируемой деятельности по установке, монтажу, ремонту и эксплуатации технических средств регулирования дорожным движением

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2003 года N 318. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 124

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.01.2012 № 124(вводится в действие по истечении 21 календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Квалификационные требования к лицензируемой деятельности по установке, монтажу, ремонту и эксплуатации технических средств регулирования дорожным движением.

      2. Признать утратившим силу пункт 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 25 января 2001 года N 136 "Вопросы лицензирования деятельности в сфере обеспечения безопасности дорожного движения" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 3, ст. 38).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 3 апреля 2003 года N 318

Квалификационные требования к лицензируемой деятельности
по установке, монтажу, ремонту и эксплуатации технических
средств регулирования дорожным движением

      1. Квалификационные требования для юридических лиц включают наличие:
      1) копии учредительных документов и свидетельства о государственной регистрации юридического лица (если они не заверены нотариусом с предъявлением оригиналов);
      2) у руководителя организации высшего образования;
      3) специалистов со стажем работы по специальности не менее одного года:
      имеющих образование в области строительства или эксплуатации автомобильных дорог, организации дорожного движения;
      инженеров-электронщиков, инженеров-электриков;
      обеспечивающих работы по установке, монтажу, наладке, ремонту и обслуживанию светофорных объектов, аппаратуры регулирования дорожным движением, автоматизированных систем управления дорожным движением, дорожных знаков, нанесению дорожной разметки, иных технических средств и оборудования, применяемых в организации дорожного движения (могут представляться индивидуальные трудовые договоры);
      4) производственно-технической базы: специализированные производственные здания, специализированные машины и механизмы (для разметки дорог, выполнения строительно-монтажных работ и работ по эксплуатации технических средств регулирования дорожного движения), контрольно-испытательные стенды для обеспечения ремонта и настройки дорожных контролеров, контрольно-измерительные приборы (либо договоры имущественного найма);
      5) аварийного запаса технических средств регулирования дорожным движением и комплектующих;
      6) стандартов, нормативов, правил и другой технической документации, устанавливающей требования для осуществления лицензируемого вида деятельности.

      2. Квалификационные требования для физических лиц включают наличие:
      1) свидетельства о государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя;
      2) у физического лица высшего или среднего специального образования;
      3) специалистов со стажем работы по специальности не менее одного года по заключенным трудовым договорам:
      имеющих образование в области строительства или эксплуатации автомобильных дорог, организации дорожного движения;
      инженеров-электронщиков, инженеров-электриков;
      обеспечивающих работы по установке, монтажу, наладке, ремонту и обслуживанию светофорных объектов, аппаратуры регулирования дорожным движением, автоматизированных систем управления дорожным движением, дорожных знаков, нанесению дорожной разметки, иных технических средств и оборудования, применяемых в организации дорожного движения;
      4) производственно-технической базы: специализированные производственные здания, специализированные машины и механизмы (для разметки дорог, выполнения строительно-монтажных работ и работ по эксплуатации технических средств регулирования дорожного движения), контрольно-испытательные стенды для обеспечения ремонта и настройки дорожных контролеров, контрольно-измерительные приборы (либо договоры имущественного найма);
      5) аварийного запаса технических средств регулирования дорожным движением и комплектующих;
      6) стандартов, нормативов, правил и другой технической документации, устанавливающей требования для осуществления лицензируемого вида деятельности.

Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөнiндегi лицензияланатын қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 сәуірдегі N 318 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөнiндегi лицензияланатын қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 136 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 38-құжат) 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 3 сәуірдегі 
N 318 қаулысымен    
бекiтiлген       

Жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату,
монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі лицензияланатын
қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Заңды тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптары:
      1) құрылтай құжаттары мен заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмелерiнiң (егер оларды нотариус растамаған болса, түпнұсқаларын көрсету арқылы);
      2) ұйымның басшысында жоғары бiлiмнiң;
      3) автомобиль жолдарын салу немесе пайдалану, жол қозғалысын ұйымдастыру саласында бiлiмi бар мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс стажы бар;
      инженер-электронщик, инженер-электрик;
      бағдаршам объектiлерiн, жол қозғалысын реттеу аппаратураларын, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн, жол белгiлерiн, жол белгiлерiн енгiзудi, жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды орнату, монтаждау, бабына келтiру, жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегі жұмыстарды қамтамасыз ететiн мамандардың (жеке еңбек шарттары көрсетiлуi мүмкiн);
      4) өндiрiстiк-техникалық базаның: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, мамандандырылған машиналар мен тетiктердiң (жолдарға белгi қою, құрылыс-монтаж жұмыстары мен жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын пайдалану жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн), жол бақылаушыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу мен дұрыстауды қамтамасыз етуге арналған бақылау-сынақ стендiлерiнiң (не мүлiктiк жалға алу шарттарының);
      5) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарының авариялық қоры мен олардың жиынтықтарының;
      6) стандарттардың, нормативтердiң, ережелердiң және лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарды белгілейтiн басқа да техникалық құжаттамалардың болуын қамтиды.
      2. Жеке тұлғаларға арналған бiлiктiлiк талаптары:
      1) жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiктiң;
      2) жеке тұлғада жоғары немесе арнаулы орта бiлiмнiң;
      3) автомобиль жолдарын салу немесе пайдалану, жол қозғалысын ұйымдастыру саласында бiлiмi бар мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл жұмыс стажы бар;
      инженер-электронщик, инженер-электрик;
      бағдаршам объектiлерiн, жол қозғалысын реттеу аппаратураларын, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерiн, жол белгiлерiн, жол белгiлерiн енгiзудi, жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды орнату, монтаждау, бабына келтiру, жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ететiн мамандардың;
      4) өндiрiстiк-техникалық базаның: мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттың, мамандандырылған машиналар мен тетiктердiң (жолдарға белгi қою, құрылыс-монтаж жұмыстары мен жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын пайдалану жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн), жол бақылаушыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу мен дұрыстауды қамтамасыз етуге арналған бақылау-сынақ стендiлерiнiң (не мүлiктiк жалға алу шарттарының);
      5) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарының авариялық қоры мен олардың жиынтықтарының;
      6) стандарттардың, нормативтердiң, ережелердiң және лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн қойылатын талаптарды белгiлейтiн басқа да техникалық құжаттамалардың болуын қамтиды.