О неотложных мерах по развитию институционального обеспечения научно-инновационной деятельности, направленных на реализацию Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2003 года N 775

      В целях реализации Стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы, утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 17 мая 2003 года N 1096, в соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Создать следующие акционерные общества со 100-процентным участием государства в их уставном капитале, обусловленным формированием системы институтов развития, (далее - Общества):
      1) "Центр маркетингово-аналитических исследований" (далее - Центр);
      2) "Центр инжиниринга и трансферта технологии" (далее - Центр инжиниринга). <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 15 ноября 2004 г. N 1201 .

      2. Определить основными задачами Центра:
      анализ отечественных и международных рынков, отраслей и секторов экономики, различных производств в целях выявления основных тенденций их развития и нахождения конкурентных преимуществ Казахстана в мировой экономике;
      проведение анализа инвестиционных проектов на предмет их перспективной конкурентоспособности, осуществимости и прибыльности;
      анализ делового климата и экономической конъюнктуры в Республике Казахстан.

      3. Определить основными задачами Центра инжиниринга:
      оказание инжиниринговых услуг;
      трансферт передовых зарубежных технологий, иных инновационных продуктов и их внедрение в Республике Казахстан;
      оказание консультационных, информационных, юридических и иных услуг при трансферте технологий;
      маркетинг внешнего и внутреннего рынков технологий и анализ мировых тенденций развития в данной сфере.

      4. Выделить из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2003 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы:
      Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан 100000000 (сто миллионов) тенге на формирование уставного капитала Центра;
      Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан 100000000 (сто миллионов) тенге на формирование уставного капитала Центра инжиниринга;
      Министерству образования и науки Республики Казахстан 100000000 (сто миллионов) тенге для их зачисления в установленном порядке в Фонд науки для целевого финансирования в виде грантов инициативных и рисковых научных исследований.

      5. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерствами экономики и бюджетного планирования, индустрии и торговли Республики Казахстан в установленном законодательством порядке соответственно обеспечить:
      1) формирование уставных капиталов создаваемых Обществ;
      2) государственную регистрацию Обществ в органах юстиции Республики Казахстан;
      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      6. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан передать права владения и пользования государственным пакетом акций:
      1) Центра - Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан;
      2) (исключен) <*>
      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 июля 2005 г. N 742 .

      7. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры по созданию в составе акционерного общества "Национальный инновационный фонд" подразделения коммерциализации научного и инновационного развития.

      8. Министерству образования и науки Республики Казахстан в недельный срок разработать соответствующие изменения и дополнения в Положение о Фонде науки, утвержденное постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2002 года N 1048 "Некоторые вопросы Фонда науки" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., N 32, ст. 340) с целью совершенствования механизма финансирования научных исследований на грантовой основе.

      9. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в Перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 268-2, следующего содержания:
"268-2               АО "Центр маркетингово-аналитических
                     исследований";
      раздел "Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 237-14, следующего содержания:
"237-14              АО "Центр инжиниринга и трансферта
                     технологии";
      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-51, следующего содержания:
      "21-51 АО "Центр инжиниринга и трансферта технологий";
      раздел "г. Алматы" дополнить строкой, порядковый номер 123-86, следующего содержания:
      "123-86 АО "Центр маркетингово-аналитических исследований".

      10. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных согласно пункту 4 настоящего постановления средств.

      11. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 775 қаулысы

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Жарғылық капиталында даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен мынадай акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) құрылсын:
      1) "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" (бұдан әрi - Орталық);
      2) "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" (бұдан әрi - Инжиниринг орталығы).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1201  қаулысымен .

      2. Орталықтың негiзгi мiндеттерi мыналар:
      әлемдiк экономикада олардың дамуының негiзгi үрдiстерiн анықтау және Қазақстанның бәсекелестiк артықшылықтарын табу мақсатында отандық және халықаралық рыноктарды, экономиканың салалары мен секторларын, әртүрлi өндiрiстердi талдау;
      инвестициялық жобаларды олардың перспективалы бәсекелестiк қабiлетi, жүзеге асырылу және пайдалылық мәнiне талдау жүргізу;
      Қазақстан Республикасындағы iскерлiк ахуалын және экономикалық конъюнктураны талдау болып белгiленсiн.

      3. Инжиниринг орталығының негiзгi мiндеттерi мыналар:
      инжинирингтiк қызметтер көрсету;
      озық шетелдiк технологиялар, өзге де инновациялық өнiмдер трансфертi және оларды Қазақстан Республикасында енгiзу;
      технологиялар трансфертi кезiнде консультациялық, ақпараттық, заңдық және өзге де қызметтер көрсету;
      технологиялардың сыртқы және iшкi рыноктарының маркетингi және осы саладағы дамудың әлемдiк үрдiстерiн талдау болып белгiленсiн.

      4. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен:
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Орталықтың жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Инжиниринг орталығының жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер гранттары түрiнде мақсатты қаржыландыру үшiн Ғылым қорына белгiленген тәртiппен оларды аудару үшiн 100000000 (жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда министрлiктерiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен тиiсiнше мыналарды:
      1) құрылатын Қоғамдардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруды;
      2) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында Қоғамды мемлекеттiк тiркеудi;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мыналардың акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын:
      1) Орталықтың - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне;
      2) <*>
      Ескерту. 6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.07.19. N 742  қаулысымен

      7. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының құрамында ғылыми коммерцияландыру және инновациялық даму бөлiмшесiн құру жөнiндегi шараларды қабылдасын.

      8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгi бiр апта мерзiмде гранттық негiзде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiгiн жетiлдiру мақсатында "Ғылым қорының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қыркүйектегi N 1048  қаулысымен бекiтiлген Ғылым қоры туралы ережеге тиісті өзгерiстер мен толықтыруларды әзiрлесiн.

      9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-2-жолмен толықтырылсын:
      "268-2                         "Маркетингтік-талдамалық
                                     зерттеулер орталығы АҚ";
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-14-жолмен толықтырылсын:
      "237-14                        "Инжиниринг және технологиялар
                                      трансфертi орталығы АҚ";
      2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-51-жолмен толықтырылсын:
      "21-51 "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" АҚ";
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-86-жолмен толықтырылсын:
      "123-86 "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ".

      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 4-тармағына сәйкес бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі