О некоторых вопросах открытого акционерного общества "Казахстантрактор"

Постановление Правительтва Республики Казахстан от 31 декабря 2003 года N 1368

      В соответствии со статьей 32 Закона Республики Казахстан от 13 мая 2003 года "Об акционерных обществах", в целях погашения задолженности по налогу на добавленную стоимость в бюджет открытого акционерного общества "Казахстантрактор" (далее - Общество), осуществляющего деятельность в отрасли, имеющей важное стратегическое значение для экономики Республики Казахстан, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Осуществить размещение ограниченных в распоряжении объявленных акций Общества посредством их принудительного изъятия в собственность государства, в счет погашения просроченной задолженности Общества по налогу на добавленную стоимость.

      2. Налоговому комитету Министерства финансов Республики Казахстан:
      1) в установленном законодательством порядке обеспечить регистрацию права государственной собственности на ограниченные в распоряжении объявленные акции в реестре держателей акций Общества за Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан;
      2) принять иные меры, вытекающие из пункта 1 настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

"Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1368 қаулысы

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 32-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар салада қызметін жүзеге асыратын "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) бюджетке қосылған құн салығы бойынша берешегін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қосылған құн салығы бойынша Қоғамның мерзімі өтіп кеткен берешегін өтеу есебіне мемлекет меншігіне оларды мәжбүрлеп алу қою арқылы Қоғамның билік ету шектелген жарияланған акцияларын орналастыруды жүзеге асырсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізіміндегі билік ету шектелген жарияланған акцияларына мемлекеттік меншік құқығының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетіне тіркелуін қамтамасыз етсін.
      2) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі