Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2004 года N 99. Утратило силу постановлением Правительства РК от 4 апреля 2006 года N 237

      В соответствии с подпунктом 5)  статьи 36  Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям.

      2. Признать утратившим силу  постановление  Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2003 года N 137 "Об утверждении Правил субсидирования стоимости услуг по доставке воды сельскохозяйственным товаропроизводителям на 2003 год" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., N 6, ст. 66).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от "29" января 2004 года N 99

  Правила
субсидирования стоимости услуг по подаче воды
сельскохозяйственным товаропроизводителям

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок и условия государственного субсидирования стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям (далее - Водопользователи) за счет и в пределах средств, предусмотренных законом о республиканском бюджете на соответствующий год.
      2. Субсидии предназначаются для частичного возмещения (удешевления) стоимости услуг (затрат) по подаче воды для орошения предприятиям, осуществляющим эти услуги (далее - Вододатель).
      3. Субсидии выплачиваются Вододателям за фактически оказанные услуги по подаче воды в точки выдела Водопользователей по удешевленной стоимости в пределах установленного для них лимита водопотребления и с учетом размера средств, предусмотренных в республиканском бюджете на субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям.
      4. Размер выделяемых субсидий на 1 (один) кубометр поданной воды определяется Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Минсельхоз) дифференцирование, с учетом региональных условий в процентном соотношении от тарифов за услуги по подаче воды, утвержденных уполномоченным государственным органом, осуществляющим контроль и регулирование деятельности в сфере естественной монополии.
      5. Подача воды по субсидированным тарифам (уменьшенным на размер субсидий) осуществляется на основе договора между Вододателем и Водопользователем.

  2. Порядок выплаты субсидий и условия государственного
субсидирования стоимости услуг по подаче воды
сельскохозяйственным товаропроизводителям

      6. Подача воды осуществляется Вододателем по субсидированным тарифам Водопользователям, деятельность которых связана с использованием орошаемых земель для производства сельскохозяйственной продукции.
      7. Водопользователи, желающие получать воду по субсидированным тарифам, предоставляют Вододателю следующие документы:
      заявку на водопотребление;
      копию акта на право землепользования, договора на землепользование, или копию решения районного акимата о выделении земельного участка (нотариально заверенные копии).
      8. Вододатель ежегодно до 1 июня заключает договора на предстоящий поливной сезон с Водопользователями на подачу воды по субсидированным тарифам согласно пунктам 3, 4, 5, 7 настоящих Правил. Если Водопользователи осуществляют межвегатационные поливы (влагозарядковые и промывные), то договор должен быть заключен до начала выполнения этих работ.
      9. Вододатель для получения субсидий за услуги по подаче воды:
      1) представляет на соответствующий год в уполномоченный орган в области использования и охраны водного фонда (далее - Уполномоченный орган) по согласованию с департаментом (управлением) сельского хозяйства акима области и областным территориальным органом Минсельхоза перечень Водопользователей, получающих воду для полива по субсидированным тарифам, с указанием объема подаваемой воды, стоимости услуг и утвержденного тарифа по подаче воды;
      2) представляет ежемесячно областному территориальному органу Минсельхоза сводный реестр фактически оказанных услуг по подаче воды по субсидированным тарифам в разрезе Водопользователей, предварительно согласованный с районным территориальным органом Минсельхоза, с приложением:
      актов оказания услуг по подаче воды, составленный в четырех экземплярах (для Вододателя, Водопользователя, областного территориального органа Минсельхоза и Уполномоченного органа);
      актов сверок с Водопользователями по оплаченным услугам по подаче воды с отметкой номеров платежных документов и даты их оплаты.
      10. Областной территориальный орган Минсельхоза проверяет правильность представленных документов и ежемесячно к 15 числу месяца, следующего за отчетным месяцем, представляет в Уполномоченный орган утвержденные сводные реестры, составленные в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил, и подлинники актов, указанных в пункте 9 настоящих Правил.
      11. Уполномоченный орган:
      утверждает на соответствующий год перечень Водопользователей, получающих поливную воду по субсидированным тарифам, и направляет его Вододателю и областному территориальному органу Минсельхоза;
      проверяет, представленные документы, указанные в пункте 10 настоящих Правил, и представляет в территориальный орган Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан сводный реестр фактически оказанных услуг по подаче воды для выплаты субсидий;
      перечисляет причитающиеся суммы субсидий на расчетные счета Вододателей до 25 числа месяца, следующего за отчетным месяцем, по мере поступления средств из республиканского бюджета;
      утверждает формы рекомендуемого двухстороннего договора Вододателя с Водопользователем, заявки на водопотребление, перечня Водопользователей, ежемесячного акта оказания услуг и сводного реестра фактически оказанных услуг по подаче воды в разрезе Водопользователей.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 99 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.04. N 237 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi  36-бабының  5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялаудың 2003 жылға арналған ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 6 ақпандағы N 137  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 6, 66-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 99 қаулысымен   
бекiтілген      

  Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялаудың
Ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнінде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын мемлекеттiк субсидиялаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
      2. Субсидиялар осы қызметтердi көрсетудi жүзеге асыратын кәсіпорындарға (бұдан әрi - Су жеткiзушi) суару үшiн су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнын (шығынын) iшiнара өтеуге (арзандатуға) арналады.
      3. Субсидиялар оларға белгiленген су тұтыну лимитi шегiнде және республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнын субсидиялауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, арзандатылған құны бойынша Су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Су жеткiзушілерге төленедi.
      4. Жеткiзiлген судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн субсидия мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкілеттi мемлекеттік орган бекiткен су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң тарифтерiне пайыздық ара қатынаспен өңiрлiк жағдайларды ескере отырып, саралап белгiлейдi.
      5. Субсидияланған тарифтер бойынша (субсидия мөлшерiне азайтылған) су жеткiзу Су жеткiзушi мен Су пайдаланушы арасындағы шарт негiзінде жүзеге асырылады.

  2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерге су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетін қызметтердiң құнына субсидиялар төлеудің тәртiбi және мемлекеттік субсидиялаудың шарттары

      6. Су жеткiзудi Су жеткiзушi қызметi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге арналған суармалы жерлердi пайдаланумен байланысты Су пайдаланушыларға субсидияланған тарифтер бойынша жүзеге асырады.
      7. Субсидияланған тарифтер бойынша су алуға тiлек білдірген Су пайдаланушылар Су жеткiзушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
      су тұтынуға өтінiм;
      жер пайдалану құқығына актінің, жер пайдалануға шарттың көшiрмесiн, немесе жер учаскесiн бөлу туралы аудан әкiмдігі шешімінің көшірмесiн (нотариалды түрде куәландырылған көшiрмелер).
      8. Су жеткiзушi жыл сайын 1 маусымға дейiн осы Ереженiң 3, 4, 5, 7-тармақтарына сәйкес Су пайдаланушылармен алдағы суару маусымына субсидияланған тарифтер бойынша су жеткiзу жөнiнде шарт жасасады. Егер Су пайдаланушылар вегетация аралық (дымқылдату және суғару) суаруларын жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстар басталғанға дейiн жасалуы тиiс.
      9. Су жеткiзушi су жеткiзу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнына субсидиялар алу үшiн:
      1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) облыс әкiмi ауыл шаруашылығы департаментімен (басқармасымен) және Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органымен келiсiм бойынша жеткiзiлетiн су көлемiн, көрсетiлетiн қызметтер құны мен су жеткiзу жөніндегi бекiтiлген тарифтi көрсетiп, тиiстi жылға арналған субсидияланатын тарифтер бойынша суару үшiн су алатын Су пайдаланушылардың тiзбесiн ұсынады;
      2) ай сайын Ауылшарминінің облыстық аумақтық органына Су пайдаланушылар бөлінісінде субсидияланған тарифтер бойынша су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердің Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органымен алдын ала келiсiлген жиынтық тiзiлiмiн мыналарды қоса берiп, ұсынады:
      төрт данада жасалған (Cу жеткiзуші, Су пайдаланушы, Ауылшарминiнің облыстық аумақтық органы және Уәкiлеттi орган үшiн) су жеткiзу жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн;
      Су пайдаланушылармен бiрге салыстырып тексерiлген су жеткiзу жөнiнде көрсетiлген қызметтерге төленген актілер төлем құжаттары мен олардың төлеген күнi белгiленген актiлердi.
      10. Ауылшарминінің облыстық аумақтық органы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi әрі есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне Уәкiлетті органына ай сайын осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес жасалған бекiтiлген жиынтық тiзiлiмдердi және осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген актiлердiң түпнұсқаларын Уәкiлетті органға ұсынады.
      11. Уәкiлетті орган:
      тиiстi жылға арналған субсидияланған тарифтер бойынша суармалы су алатын Су пайдаланушылар тiзбесiн бекiтедi және оны Су жеткiзушi мен Ауылшарминінің облыстық аумақтық органына жолдайды;
      осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексередi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына субсидиялар төлеу үшiн су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзілімiн ұсынады;
      республикалық бюджеттен қаражаттың түсуiне қарай есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн Су жеткiзушілердiң есеп айырысу шоттарына субсидиялардың тиесілі сомаларын аударады;
      Су жеткiзушінiң Су пайдаланушымен ұсынылатын екі жақты шартының нысандарын, су тұтынуға өтінiмдердi, Су пайдаланушылар тiзбесiн, ай сайынғы қызметтер көрсету актiсiн және Су пайдаланушылар бөлінісiнде су жеткiзу жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн бекiтедi.