О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1997 года N 1650

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2004 года N 115. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.11.2014 № 1196 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1997 года N 1650 "Об утверждении Правил дорожного движения Республики Казахстан, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации и обязанностей должностных лиц и участников дорожного движения по обеспечению безопасности дорожного движения и Перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" следующие изменение и дополнение:
      в Правилах дорожного движения Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      в разделе 6 "Применение специальных сигналов" в абзаце первом пункта 6.1 цифры "8-11" заменить цифрами "8-18";
      в разделе 10 "Скорость движения":
      в пункте 10.2 Примечание исключить;
      дополнить пунктом 10.4-1. следующего содержания:
      "10.4-1. В населенных пунктах и вне населенных пунктов на отдельных участках автомобильных дорог может повышаться скорость движения (с установкой соответствующего знака 3.24) легковых автомобилей до 120 км/час, автобусов до 110 км/час, если дорожные условия обеспечивают безопасное движение с большей скоростью".

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы N 115 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдармен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінде:
      "Арнаулы сигналдарды қолдану" деген 6-бөлімінде 6.1-тармақтың бірінші абзацындағы "8-11" деген сандар "8-18" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қозғалыс жылдамдығы" деген 10-бөлімде:
      10.2-тармақтағы ескертпе алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10.4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "10.4-1. Елді мекендерде және елді мекендерден тыс жерлерде жол жағдайлары үлкен жылдамдықпен қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін болса, автомобиль жолдарының жекелеген учаскілерінде жеңіл автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын 120 км/сағ. дейін, автобустардікін 110 км/сағ. дейін (3.24 тиісті белгісін орната отырып) көтеруге болады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі