Об утверждении Правил выплаты сумм социальных выплат, не полученных своевременно либо не полностью по вине уполномоченного органа по назначению социальных выплат, Государственного центра по выплате пенсий и (или) Государственного фонда социального страхования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июля 2004 года N 787. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 617

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 617 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года "Об обязательном социальном страховании" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выплаты сумм социальных выплат, не полученных своевременно либо не полностью по вине уполномоченного органа по назначению социальных выплат, Государственного центра по выплате пенсий и (или) Государственного фонда социального страхования.

      2. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2005 года и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 22 июля 2004 года N 787 

Правила
выплаты сумм социальных выплат, не полученных своевременно
      либо не полностью по вине уполномоченного органа
      по назначению социальных выплат,
Государственного центра по выплате пенсий и (или)
Государственного фонда социального страхования

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года "Об обязательном социальном страховании" (далее - Закон) и определяют порядок выплаты сумм социальных выплат, не полученных своевременно либо не полностью по вине уполномоченного органа по назначению социальных выплат, Государственного центра по выплате пенсий и (или) Государственного фонда социального страхования .

1. Общие положения

      1. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:
      1) Государственный фонд социального страхования (далее - Фонд) - юридическое лицо, производящее сбор социальных отчислений и выплаты участникам системы обязательного социального страхования, в отношении которых наступил случай социального риска, включая членов семьи иждивенцев в случае потери кормильца - участника системы обязательного социального страхования;
      2) кормилец - лицо, содержащее нетрудоспособных членов семьи, состоящих на его иждивении, за счет своего дохода;
      3) не полученные своевременно либо не полностью социальные выплаты - суммы социальных выплат несвоевременно либо не полностью полученные по вине уполномоченного органа по назначению социальных выплат, Государственного центра по выплате пенсий и (или) Фонда в установленный Законом срок ;
      4) получатель социальной выплаты (далее - получатель) - физическое лицо, за которого производились либо которое уплачивало социальные отчисления в Фонд и в отношении которого уполномоченным органом по назначению социальных выплат вынесено решение о назначении социальных выплат, а в случае смерти лица, являющегося участником системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления, - члены семьи умершего (признанного судом безвестно отсутствующим или объявленного умершим) кормильца, состоявшие на его иждивении;
      5) социальные выплаты - ежемесячные выплаты, осуществляемые Фондом в пользу получателя;
      6) уполномоченный орган по назначению социальных выплат - центральный исполнительный орган в области социальной защиты населения и его территориальные подразделения;
      7) уполномоченная организация по учету социальных отчислений и социальных выплат - Государственный центр по выплате пенсий (далее - Центр) - государственное предприятие, имеющее структурные подразделения в регионах, осуществляющее перевод обязательных социальных отчислений и социальных выплат, ведущее персонифицированный, централизованный учет социальных отчислений и выплат.

2. Порядок и сроки выплаты сумм социальных выплат,
не полученных своевременно либо не полностью
      по вине уполномоченного органа по назначению социальных выплат,
      Центра и (или) Фонда

      2. Выплата сумм социальных выплат, не полученных своевременно либо не полностью, с учетом индексации производится Центром в следующих случаях:
      1) обращение получателя социальной выплаты с заявлением в структурное подразделение Центра в случае самостоятельного выявления несвоевременной либо неполной выплаты социальных выплат;
      2) поступление решения суда о выплате (назначении) получателю сумм социальных выплат;
      3) выявление несвоевременной либо неполной выплаты социальных выплат уполномоченным органом по назначению социальных выплат, Центром или Фондом.
      3. При выявлении несвоевременной либо неполной выплаты сумм социальных выплат:
      1) Центр в первоочередном порядке устанавливает причину несвоевременной либо неполной выплаты и по получателям, в отношении которых устранены причины несвоевременной либо неполной выплаты, составляет расчет суммы дополнительной потребности средств, необходимых для выплаты сумм социальных выплат, не полученных своевременно либо не полностью, с учетом сумм индексаций за время просрочки выплат (далее - дополнительная потребность) и передает ее в Фонд;
      2) Фонд в течение 3 банковских дней со дня поступления из Центра расчета суммы дополнительной потребности производит перечисление на счет Центра средств, необходимых для выплаты не полученных своевременно либо не полностью сумм социальных выплат;
      3) Центр в течение 3 банковских дней со дня поступления на его счет средств, необходимых для выплаты не полученных своевременно либо не полностью сумм социальных выплат, осуществляет выплату.
      4. Суммы социальных выплат, не полученные своевременно либо не полностью по вине уполномоченного органа по назначению социальных выплат, Центра и (или) Фонда, выплачиваются за прошлое время без ограничения сроков и подлежат индексации в размере не более 2-кратной официальной ставки рефинансирования, установленной Национальным Банком Республики Казахстан на день выплаты этих сумм за каждый день просрочки (включая день оплаты).
      5. Индексация на суммы социальных выплат, не полученных своевременно либо не полностью, рассчитывается с 16 числа месяца, следующего за месяцем, в котором вынесено решение уполномоченного органа по назначению социальных выплат, либо с 16 числа месяца, в котором не произведена очередная выплата или произведена выплата в неполном размере, путем деления количества просроченных дней на число дней в году (360 дней) и умножения полученной суммы на размер социальной выплаты и 2-кратную ставку рефинансирования. При этом 2-кратная ставка рефинансирования определяется путем умножения официальной ставки рефинансирования, установленной Национальным Банком Республики Казахстан на день выплаты этих сумм, на два и деления полученной суммы на сто.
      6. Индексация сумм социальных выплат, не своевременно либо не полностью выплаченных получателю социальных выплат, производится за счет активов Фонда.

Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі N 787 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 617 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкілетті органның, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың және (немесе) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 22 шілдедегі 
N 787 қаулысымен    
бекiтілген        

Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкілеттi органның, Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу ережесi

      Осы Ереже "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеудiң тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдар алымын жинауды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер төлеудi жүргізетін заңды тұлға;
      2) асыраушы өзінің асырауындағы отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiн өз табысының есебiнен ұстап отырған адам;
      3) уақытылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер - Заңмен белгіленген мерзiмде әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкілетті органның, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомалары;
      4) әлеуметтiк төлем алушы (бұдан әрi - алушы) - ол үшiн Қорға әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген не өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң, ол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болған деп жарияланған) асыраушының асырауында тұрған отбасы мүшелерi;
      5) әлеуметтiк төлемдер - Қор алушының пайдасына жүзеге асыратын, ай сайынғы төлемдер;
      6) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық-атқарушы орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
      7) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебi жөнiндегi уәкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi - Орталық) - өңiрлерде құрылымдық бөлiмшелерi бар, мiндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердiң дербестендiрiлген, орталықтандырылған есебiн жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорын.

2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi

      2. Орталық уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын, индекстеудi ескере отырып төлеудi мынадай жағдайларда:
      1) әлеуметтiк төлем алушы әлеуметтiк төлемдердi уақытылы не толық төлемегенiн өздігінен анықтаған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлiмшесiне өтiнiшпен барғанда;
      2) әлеуметтік төлем сомаларын алушыға төлеу (тағайындау) туралы соттың шешiмi келiп түскенде;
      3) әлеуметтiк төлемдердiң уақытылы не толық төленбегенiн әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегі уәкілеттi орган, Орталық немесе Қор анықтағанда жүргiзедi.
      3. Әлеуметтiк төлемдердiң сомаларын уақытылы не толық төленбегенi анықталған кезде:
      1) Орталық бiрiншi кезекте уақытылы не толық төленбеуiнiң себебiн анықтайды және оларға қатысты уақытылы не толық төленбеу себебi жойылған алушылар бойынша төлемдердiң кешiктiрiлген уақыты үшiн индекстеу сомаларын ескере отырып, уақытылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлемдер сомаларын төлеу үшiн қажеттi қосымша қаражат қажеттілігінiң (бұдан әрi - қосымша қажеттілiк) сомаларының есебiн құрайды және оны Қорға жiбередi;
      2) Қор Орталықтан қосымша қажеттілiк сомаларының есебi келiп түскен күннен бастап 3 банктiк күн iшiнде уақытылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлем сомаларын төлеу үшiн қажеттi қаражатты Орталықтың шотына аударуды жүргiзедi;
      3) Орталық өзiнің шотына уақытылы не толық төленбенген әлеуметтiк төлем сомаларын төлеу үшiн қажеттi қаражат келiп түскен күннен бастап 3 банктiк күн iшiнде төлемдердi жүзеге асырады.
      4. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жөнiндегі уәкілеттi органның, Орталықтың және (немесе) Қордың кiнәсiнен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомалары өткен уақыт үшiн мерзімi шектелмей төленеді және мерзiмi өткен әр күн үшiн (төлеу күнiн қоса алғанда) осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 2-еселенген қайта қаржыландыру ресми ставкасынан аспайтын мөлшерде индекстеуге жатады.
      5. Уақытылы не толық алынбаған әлеуметтiк төлемдер сомаларын индекстеу әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкілетті орган шешiм шығарған айдан кейiнгi айдың 16 күнiнен бастап, не кезектi төлем жүргізілмеген немесе толық емес мөлшерде төлем жүргізілген айдың 16 күнiнен бастап, мерзiмi өткен күндердiң санын жылдың күн санына (360 күн) бөлу және алынған соманы әлеуметтiк төлем мөлшерi мен 2 еселенген қайта қаржыландыру ставкасына көбейту жолымен есептеледi. Бұл ретте 2 еселенген қайта қаржыландыру ставкасы осы сомаларды төлеу күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасын екiге көбейту және алынған соманы жүзге бөлу жолымен анықталады.
      6. Әлеуметтік төлем алушыға уақытылы не толық төленбеген әлеуметтiк төлемдер сомаларын индекстеу Қор активтерiнiң есебiнен жүргiзiледi.