Об утверждении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2004 года N 1310. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.07.2014 № 756 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 5 июля 1996 года "О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую классификацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Утверждена        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 13 декабря 2004 года 
  N 1310          

Классификация
чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера

      1. Чрезвычайная ситуация природного и техногенного характера относится к объектовой, если в результате аварии, бедствия или катастрофы зона чрезвычайной ситуации не выходит за пределы территории объекта производственного или социального назначения, при этом возникли или могут возникнуть одно из следующих последствий:
      гибель свыше 5, но не более 10 человек;
      нарушение условий жизнедеятельности населения свыше 50, но не более 100 человек;
      размер материального ущерба здоровью людей, окружающей среде и объектам хозяйствования составляет от пяти до пятнадцати тысяч месячных расчетных показателей.
      2. Чрезвычайная ситуация природного и техногенного характера относится к местной, если в результате аварии, бедствия или катастрофы зона чрезвычайной ситуации вышла за пределы территории объекта производственного или социального назначения и не выходит за пределы двух районов области, при этом возникли или могут возникнуть одно из следующих последствий:
      гибель свыше 10, но не более 50 человек;
      нарушение условий жизнедеятельности населения свыше 100, но не более 500 человек;
      размер материального ущерба здоровью людей, окружающей среде и объектам хозяйствования составляет от пятнадцати до ста тысяч месячных расчетных показателей.
      3. Чрезвычайная ситуация природного и техногенного характера относится к региональной, если в результате аварии, бедствия или катастрофы зона чрезвычайной ситуации охватывает территории не менее трех районов одной области либо чрезвычайная ситуация происходит на территории двух областей Республики Казахстан, при этом возникли или могут возникнуть одно из следующих последствий:
      гибель свыше 50, но не более 200 человек;
      нарушение условий жизнедеятельности населения свыше 500, но не более 1500 человек;
      размер материального ущерба здоровью людей, окружающей среде
и объектам хозяйствования составляет от ста до двухсот тысяч месячных расчетных показателей.
      4. Чрезвычайная ситуация природного и техногенного характера относится к глобальной, если в результате аварии, бедствия или катастрофы чрезвычайная ситуация происходит на территории трех и более областей Республики Казахстан либо захватывает территории сопредельных государств, при этом возникли или могут возникнуть одно из следующих последствий:
      гибель свыше 200 человек;
      нарушение условий жизнедеятельности населения свыше 1500 человек;
      размер материального ущерба здоровью людей, окружающей среде и объектам хозяйствования составляет более двухсот тысяч месячных расчетных показателей.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жiктемесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 1310 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2014 № 756 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жiктемесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылға 13 желтоқсандағы 
N 1310 қаулысымен     
бекiтілген         

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың жiктемесi

      1. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      5-тен астам, бiрақ 10-нан көп емес адам қаза болса;
      50-ден астам, бiрақ 100-ден көп емес адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектiлерiне келтiрілген материалдық залалдың мөлшерi бес мыңнан он бес мыңға дейiнгі айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай объектілiкке жатады.
      2. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай аймағы өндiрiстiк немесе әлеуметтiк мақсаттағы объектiнiң аумағы шегiнен шықса және облыстың екi ауданының шегiнен шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      10-нан астам, бiрақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
      100-ден астам, бiрақ 500-ден көп емес адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектілерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi он бес мыңнан жүз мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жергiліктiге жатады.
      3. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай аймағы бiр облыстың кемiнде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екi облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      50-ден астам, бiрақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
      500-ден астам, бiрақ 1500-ден көп емес адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi жүз мыңнан екi жүз мыңға дейiнгі айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiкке жатады.
      4. Егер авария, табиғи зiлзала немесе апат нәтижесiнде төтенше жағдай Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса не шектес мемлекеттердiң аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдарлардың бiрi туындаса немесе туындауы мүмкiн болса:
      200-ден астам адам қаза болса;
      1500-ден астам адамның тiршiлiк ету жағдайлары бұзылса;
      адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзу объектiлерiне келтiрiлген материалдық залалдың мөлшерi екi жүз мыңнан аса айлық есептiк көрсеткiштi құраса табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жаһандыққа жатады.