О повышении размеров пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий с 1 января 2005 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2004 года N 1347

      Сноска. В тексте слово "государственной" исключено - постановлением Правительства РК от 30 июня 2005 г. N 662  .

      В соответствии с  Законом  Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. С 1 января 2005 года произвести повышение пенсионных выплат из Государственного центра по выплате пенсий, назначенных до 1 января 2005 года, всем получателям пенсионных выплат, в том числе получателям пенсионных выплат за выслугу лет военнослужащим, сотрудникам органов внутренних дел и Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, органов финансовой полиции и противопожарной службы на 7,7 процента от размера получаемых пенсионных выплат.

      2. Установить, что повышенные размеры месячных пенсионных выплат за выслугу лет военнослужащим, сотрудникам органов внутренних дел и Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, органов финансовой полиции и противопожарной службы, которым присвоены специальные звания и на которых распространяется порядок, установленный для сотрудников органов внутренних дел, не должны превышать 75-кратного месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      3. Настоящее постановление вступает в силу с 1 января 2005 года и подлежит опубликованию.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы N 1347 Қаулысы

       ЕСКЕРТУ. Мәтінде "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.30. N 662  қаулысымен .  

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң барлық алушыларына, оның iшiнде қызмет өткерген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушы әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне алатын зейнетақы төлемдерi мөлшерiнiң 7,7 пайызына арттыру жүргiзiлсiн.

      2. Қызмет өткерген жылдары үшiн әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiп қолданылатын қызметкерлерiнiң арттырылған айлық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 75 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиіс деп белгiленсiн.

      3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі