Об утверждении Заключения по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2005 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года N 1418

      В соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Заключение по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2005 год (далее - Заключение).

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан до 30 декабря 2004 года направить Заключение Российской Стороне по дипломатическим каналам.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
      Исполняющий обязанности
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан

Утверждено         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 29 декабря 2004 года N 1418

Заключение
по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков
ракет с космодрома "Байконур" на 2005 год

      В соответствии со статьей 4 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан согласовывает представленные Российской Стороной Планы запусков космических аппаратов с космодрома "Байконур" на 2005 год, а также План испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2005 год.
      Указанным Соглашением не предусмотрено представление Российской Стороной на согласование плана внесения неотделимых улучшений в арендованное имущество комплекса "Байконур" на очередной год, а также отчета о выполнении такого плана за текущий год. В связи с этим представленные План внесения неотделимых улучшений в арендованное имущество комплекса "Байконур" в 2005 году и Отчет о внесении неотделимых улучшений в арендованное имущество комплекса "Байконур" в 2004 году не приняты к рассмотрению.
      Для согласования внесения неотделимых улучшений в арендованное имущество комплекса "Байконур" требуется, согласно статье 2 указанного Соглашения, представление проектов строительства новых и реконструкции используемых объектов комплекса "Байконур".

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1418 Қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрi - Қорытынды) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі 2004 жылғы 30 желтоқсанға дейiн Ресей Тарабына дипломатиялық арналар арқылы Қорытындыны жiберсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы   
N 1418 қаулысымен      
бекiтілген        

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын
ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың
2005 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) ұсыну және алу тәртiбi туралы келiсiмнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi Ресей Тарабы ұсынған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарларын, сондай-ақ "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2005 жылға арналған жоспарын келiседi.
      Көрсетілген Келiсiмде "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкіне бөлінбейтін жақсартулар енгiзудiң кезекті жылға арналған жоспары, сондай-ақ ағымдағы жылғы осындай жоспардың орындалуы туралы есептi Ресей Тарабының келiсуге ұсынуы көзделмеген. Осыған байланысты ұсынылған "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкiне бөлінбейтiн жақсартулар енгiзу жоспары 2005 жылы және "Байқоңыр" кешенінiң жалға берiлген мүлкiне бөлінбейтін жақсартулар енгiзу туралы есеп 2004 жылы қарауға қабылданбады.
      "Байқоңыр" кешенiнiң жалға берiлген мүлкіне бөлiнбейтiн жақсартулар енгiзудi келiсу үшiн көрсетілген Келiсiмнің 2-бабына сәйкес "Байқоңыр" кешенiнiң жаңа объектілерiн салу және пайдаланылып жүргендерiн қайта жаңарту жобаларын ұсыну талап етіледі.