О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Республиканский литературно-художественный журнал "Жалын" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2005 года N 303

     Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

     1. Реорганизовать республиканское государственное казенное предприятие "Республиканский литературно-художественный журнал "Жалын" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан путем преобразования в товарищество с ограниченной ответственностью "Журнал "Жалын" (далее - Товарищество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

     2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Комитетом информации и архивов Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
     1) утвердить устав Товарищества, определив основным предметом его деятельности издание журнала "Жалын", сохранение и развитие литературных традиций;
     2) обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
     3) передать Комитету информации и архивов Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан права владения и пользования государственной долей участия Товарищества;
     4) принять иные меры по реализации настоящего постановления.

     3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменение и дополнения:
     1) утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796;
     2) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
     в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
     раздел "г. Алматы" дополнить строкой, порядковый номер 123-99, следующего содержания:
     "123-99      ТОО "Журнал "Жалын";
     3) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
     в Перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:
     раздел "Комитету информации и архивов Министерства культуры, информации и спорта Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 224-24, следующего содержания:
     "224-24      ТОО "Журнал "Жалын".

     4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.
 

       Премьер-Министр
     Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінiң "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 303 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Жалын" журналы" жауапкершілiк шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - Серiктестiк) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) "Жалын" журналын шығару, әдеби дәстүрлердi сақтау және дамыту Серіктестік қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгілей отырып, оның жарғысын бекiтсiн;
      2) әділет органдарында оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетіне Серiктестіктің мемлекеттiк қатысу үлесiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн;
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-99-жолмен толықтырылсын:
      "123-99      "Жалын" журналы" ЖШС";
      3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-24-жолмен толықтырылсын:
      "224-24     "Жалын" журналы" ЖШС".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі