О переводе отдельного участка земель лесного фонда в земли другой категории

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2005 года N 536

      В соответствии со  статьей 130  Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года,  статьей 51  Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Перевести земельный участок площадью 1,0926 гектара (в том числе 0,48 гектара - покрытые лесом, 0,4526 гектара - поляны, дороги, просеки, 0,16 гектара - скала) из земель лесного фонда Государственного учреждения "Акколь" по охране лесов и животного мира в категорию земель промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения.

      2. Акиму Акмолинской области в установленном законодательством порядке обеспечить предоставление акционерному обществу "Республиканский центр космической связи и электромагнитной совместимости радиоэлектронных средств" (далее - Общество) под строительство наземного комплекса управления космическими аппаратами и системы мониторинга связи земельного участка, указанного в пункте 1 настоящего постановления.

      3. Обществу возместить в доход республиканского бюджета потери лесохозяйственного производства, вызванные изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного и сельского хозяйства.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Орман қоры жерiнiң жекелеген учаскесiн басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 мамырдағы N 536 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң  130-бабына , Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi "Ақкөл" мемлекеттiк мекемесiнiң орман қорының жерiнен алаңы 1,0926 гектар (оның iшiнде 0,48 гектар - орман алаптары, 0,4526 гектар - ашық алаңқайлар, жолдар, орман соқпақтары, 0,16 гектар - жартас) жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесiнiң "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесін салуға берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қоғам орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсатқа пайдалану үшiн оларды алумен туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджет кiрiсiне өтесiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі