Об особых условиях и порядке реализации конкурсной массы городского государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылордаэнергоцентр"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2005 года N 831

     В соответствии с пунктом 4 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 21 января 1997 года "О банкротстве", в связи с признанием банкротом городского государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылордаэнергоцентр", являющегося субъектом естественной монополии, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
     1. Установить особые условия и порядок реализации конкурсной массы городского государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Кызылордаэнергоцентр" (далее - Предприятие), предусматривающие:
     1) продажу имущества Предприятия, обеспечивающего единый технологический цикл производства, единым лотом (далее - Лот);
     2) установление минимальной цены продажи Лота не ниже суммы административных расходов и требований кредиторов первой и второй очередей;
     3) проведение процедуры банкротства с соблюдением непрерывности технологического цикла;
     4) участие в аукционе лиц, имеющих производственную программу по использованию приобретаемого имущества, согласованную с акиматом Кызылординской области.
     2. Установить следующие дополнительные требования к покупателям объектов конкурсной массы:
     1) принятие обязательств по сохранению профиля деятельности, договоров с потребителями и объемов предоставляемых услуг;
     2) наличие лицензий на осуществление деятельности по производству тепловой и электрической энергии, а также лицензии на покупку в целях продажи электрической энергии;
     3) обеспечение заключения трудовых договоров с работниками Предприятия, занятых в технологическом процессе.
     3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра энергетики и минеральных ресурсов Школьника В.С.
     4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

    Исполняющий обязанности
         Премьер-Министра
      Республики Казахстан

"Қызылорда энергия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 831 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы  2-бабының  4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектiсi болып табылатын "Қызылорда энергия орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнының банкрот деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қызылорда энергия орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - Кәсіпорын) конкурстық массасын сатудың мыналарды:
      1) Кәсiпорынның өндiрiстің бiртұтас технологиялық циклын қамтамасыз ететiн мүлкiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - Лот) сатуды;
      2) Лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлiк шығыстардың әрi бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлардың талаптары сомасынан төмен емес етiп белгілеудi;
      3) технологиялық циклдың үздiксiздігін сақтай отырып, банкроттық рәсімін өткiзудi;
      4) Қызылорда облысының әкiмдігімен келiсiлген сатып алынатын мүлiктi пайдалану бойынша өндiрiстiк бағдарламасы бар тұлғалардың аукционға қатысуын көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбі белгiленсiн.

      2. Конкурстық масса объектiлерiн сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгіленсiн:
      1) қызмет бейiнiн, тұтынушылармен жасалған шарттарды және көрсетілетін қызметтер көлемiн сақтау бойынша міндеттемелердi қабылдау;
      2) жылу және электр энергиясын өндiру жөнiндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың, сондай-ақ электр энергиясын сату мақсатында сатып алуға арналған лицензияның болуы;
      3) технологиялық процеске қамтылған Кәсiпорынның қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С. Школьникке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы