О реорганизации Республиканского государственного казенного предприятия "Институт фитохимии" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 сентября 2005 года N 953.

      В целях создания условий для развития инвестиционного и производственного потенциала, повышения экспортоориентированности и конкурентоспособности отечественной фармацевтической продукции Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать Республиканское государственное казенное предприятие "Институт фитохимии" Министерства образования и науки Республики Казахстан путем преобразования в акционерное общество "Научно-производственный центр "Фитохимия" (далее - Общество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности Общества:

      1) изучение природного, в том числе растительного сырья для получения на их основе новых материалов и препаратов;

      2) проведение научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ по созданию наукоемких технологий и техники по производству лекарственных препаратов, соответствующих требованиям международных стандартов, и внедрение их в производство.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) утверждение устава Общества;

      2) государственную регистрацию Общества в органах юстиции Республики Казахстан;

      3) передачу Министерству образования и науки Республики Казахстан прав владения и пользования государственным пакетом акций Общества;

      4) принятие иных мер по реализации настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 27 сентября 2005 года N 953

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):

      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Карагандинская область" дополнить строкой, порядковый номер 214-12, следующего содержания:

      "214-12. АО "Научно-производственный центр "Фитохимия".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в Перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, права владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      раздел "Министерству образования и науки Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 222-33, следующего содержания:

      "222-33. АО "Научно-производственный центр "Фитохимия".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 953 Қаулысы.

      Отандық фармацевтикалық өнiмнiң инвестициялық және өндiрiстiк әлеуетiн дамыту, экспортқа бағдарлануы мен бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "Фитохимия институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстік орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi мыналар болып белгiленсiн:

      1) олардың негiзiнде жаңа материалдар мен препараттар алу үшiн табиғи, оның iшiнде өсiмдiк шикiзатын зерделеу;

      2) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін дәрілiк препараттарды шығару бойынша ғылымды қажетсiнетiн технологиялар мен техниканы жасау жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және оларды өндiріске енгiзу.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiмен бiрлесіп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) Қоғамның Жарғысын бекiтудi;

      2) Қоғамды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тiркеудi;

      3) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiне берудi;

      4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 27 қыркүйектегі
N 953 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттiк меншiктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктерiнiң тiзбесiнде:

      "Қарағанды облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 214-12-жолмен толықтырылсын:

      "214-12. "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстiк

      орталығы" AҚ".

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-33-жолмен толықтырылсын:

      "222-33. "Фитохимия" ғылыми-өндiрiстік орталығы" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.