О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2001 года N 789

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2005 года N 1179

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление  Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2001 года N 789 "Об утверждении типового положения о комиссии по защите прав несовершеннолетних" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 21, ст. 267) следующие изменения и дополнения:
      в заголовке и пункте 1 слова "по защите прав несовершеннолетних" заменить словами "по делам несовершеннолетних и защите их прав";
      в Типовом положении о комиссии по защите прав несовершеннолетних, утвержденном указанным постановлением:
      в заголовке слова "по защите прав несовершеннолетних" заменить словами "по делам несовершеннолетних и защите их прав";
      раздел 1 изложить в следующей редакции:
                                  "1. Общие положения
      1. Комиссия по делам несовершеннолетних и защите их прав (далее - Комиссия) является постоянно действующим коллегиальным органом, обеспечивающим координацию деятельности государственных органов и учреждений в сфере профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, защиты их прав и законных интересов.
      2. Межведомственная комиссия образуется при Правительстве Республики Казахстан, а областная, городская, районная в городе, районная - при соответствующем местном исполнительном органе (акимате).
      3. При необходимости Комиссия может быть образована при акиме поселка, аула (села), аульного (сельского) округа, расположенных на значительном расстоянии от районного центра. Комиссия при акиме поселка, аула (села), аульного (сельского) округа имеет права и обязанности районной комиссии. Решение об образовании поселковой, аульной (сельской) комиссии и комиссии аульного (сельского) округа принимается областным акиматом, а персональный состав утверждается маслихатом соответствующего района.
      4. Комиссия образуется в составе председателя, заместителя председателя, членов комиссии и ответственного секретаря. Председатель и ответственный секретарь занимают штатные должности в аппаратах государственных органов. Функции председателя поселковой, аульной (сельской) комиссии или комиссии аульного (сельского) округа по делам несовершеннолетних и защите их прав исполняет аким соответствующей административно-территориальной единицы.
      5. В состав комиссии входят депутаты соответствующих маслихатов, представители органов внутренних дел, образования, культуры, здравоохранения, юстиции, уполномоченного органа по вопросам занятости, опеки и попечительства, общественных и иных организаций, заинтересованных в профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних.
      6. Комиссия осуществляет свою деятельность на основе  Конституции  Республики Казахстан, законов Республики Казахстан " О правах  ребенка", " О профилактике  правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности", настоящего Положения и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также международных договоров Республики Казахстан.
      7. Комиссия в своей деятельности ответственна перед местным исполнительным органом, а также подконтрольна и подотчетна вышестоящей Комиссии по делам несовершеннолетних. Порядок образования и организация деятельности Комиссий определяются законодательством Республики Казахстан.";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Комиссия в пределах своей компетенции:
      1) осуществляет меры по защите и восстановлению прав и законных интересов несовершеннолетних, выявлению и устранению причин и условий, способствующих безнадзорности, беспризорности, правонарушениям и антиобщественным действиям несовершеннолетних;
      2) разрабатывает программы и методики, направленные на совершенствование деятельности государственных органов по профилактике правонарушений, безнадзорности, беспризорности и антиобщественных действий среди несовершеннолетних, их социальную реабилитацию;
      3) участвует в обеспечении контроля за условиями воспитания, обучения, содержания несовершеннолетних в организациях, осуществляющих функции по защите прав ребенка;
      4) изучает состояние правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних и организует проведение социологических исследований в этой области;
      5) оказывает содействие в развитии сети организаций, осуществляющих функции по защите прав ребенка, и обеспечивает мониторинг их деятельности;
      6) обобщает и распространяет положительный опыт работы органов и организаций, занимающихся профилактикой правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, оказывает им методическую и практическую помощь;
      7) заслушивает отчеты руководителей заинтересованных государственных органов о проводимой работе по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, защите их прав и организует взаимный обмен информацией между ними по курируемым вопросам;
      8) участвует в подготовке материалов в суд по вопросам направления несовершеннолетних в специальные организации образования и организации образования с особым режимом содержания;
      9) координирует деятельность заинтересованных органов в трудовом и бытовом устройстве несовершеннолетних, освобожденных из учреждений уголовно-исполнительной системы либо вернувшихся из специальных организаций образования и организаций образования с особым режимом содержания, а также в осуществлении иных функций по социальной реабилитации несовершеннолетних, находящихся в трудной жизненной ситуации;
      10) в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, рассматривает материалы в отношении несовершеннолетних, совершивших правонарушения, а также родителей и законных представителей несовершеннолетних, не исполняющих своих обязанностей по воспитанию, обучению и содержанию несовершеннолетних либо отрицательно влияющих на их поведение;
      11) организует освещение в средствах массовой информации" о проводимой работе по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних.";
      в пункте 9:
      в подпункте 2) после слова "безнадзорности" дополнить словом ", беспризорности";
      подпункт 6) дополнить словами "и находящихся в трудной жизненной ситуации";
      абзац третий подпункта 11) дополнить словами ", организаций образования с особым режимом содержания";
      подпункт 15) изложить в следующей редакции:
      "15) подготовка совместно с администрацией специальной организации образования, организации образования с особым режимом содержания представления в суд по вопросам, связанным с досрочным прекращением пребывания несовершеннолетнего в указанных учреждениях, а также по вопросам, связанным с продлением срока пребывания в них в случае совершения им деяния, содержащего признаки преступления или умышленного административного правонарушения, или переводом его в другие специальные организации образования, организации образования с особым режимом содержания по ходатайству несовершеннолетнего или его законных представителей;";
      в подпункте 17) после слов "специальных организаций образования," дополнить словами "организаций образования с особым режимом содержания,";
      в пункте 10:
      в подпункте 1) после слов "опасном для их жизни и здоровья," дополнить словами "в трудной жизненной ситуации,";
      в подпункте 2) слова "труда и социальной защиты" заменить словами "уполномоченный орган по вопросам занятости";
      в подпункте 3) после слов "специальной организации образования" дополнить словами ", организации образования с особым режимом содержания";
      абзац второй пункта 11 дополнить словами ", организации образования с особым режимом содержания".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 1179 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы" үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі" деген сөздер "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:
      тақырыбындағы "Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі" деген сөздер "Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Жалпы ережелер

      1. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және  панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің  қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. 
      2. Ведомствоаралық комиссия - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан, ал облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық комиссия тиісті жергілікті атқарушы орган (әкімдік) жанынан құрылады.
      3. Қажет болған кезде Комиссия аудан орталығынан едәуір қашықтықта орналасқан кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жанынан құрылуы мүмкін. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі жанынан комиссия аудандық комиссияның құқықтары мен міндеттері болады. Кенттік, ауылдық (селолық) комиссияны және ауылдық (селолық) округ комиссиясын құру туралы шешімді облыс әкімдігі қабылдайды, ал дербес құрамын тиісті ауданның мәслихаты бекітеді.
      4. Комиссияның құрамында төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері және жауапты хатшы болады. Төраға мен жауапты хатшы мемлекеттік органдар аппараттарындағы штаттық лауазымдарды атқарады. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кенттік, ауылдық (селолық) комиссия немесе ауылдық (селолық) округ комиссиясы төрағасының функцияларын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі атқарады.
      5. Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ішкі істер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әділет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алуға мүдделі қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
      6. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының, "Бала құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Ереженің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырады.
      7. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді. Комиссияларды құру тәртібі және олардың қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қараусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтары мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалудың және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелер әзірлейді;
      3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыз және панасыз қалуының жай-күйін зерделейді және осы салада социологиялық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
      5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісінің дамуына жәрдем көрсетеді және олардың қызметінің мониторингін қамтамасыз етеді;
      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжірибесін жинақтайды және таратады, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
      7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдайды және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
      8) кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына жіберу мәселелері бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады;
      9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруда, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және ұстау жөніндегі өз міндеттемелерін орындамайтын не олардың мінез-құлықтарына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты материалдарды қарайды;
      11) бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, олардың қараусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы жариялауды ұйымдастырады.";

      9-тармақта:
      2) тармақшадағы "қараусыз" деген сөзден кейін ", панасыз" деген сөзбен толықтырылсын;
      6) тармақша "мұқтаж" деген сөзден кейін "және өмірде қиын жағдайға душар болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      11) тармақшаның үшінші абзацы "ұйымдарынан" деген сөзден кейін ", ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "15) арнайы білім беру ұйымының, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемелерде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ онда болу мерзімін ол қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болған әрекет жасаған жағдайларда ұзартуға немесе кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша оны басқа арнайы білім беру ұйымдарына, ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына ауыстыруға байланысты мәселелер бойынша сотқа ұсыныс дайындау;";
      17) тармақшадағы "арнайы білім беру ұйымдарында," деген сөздерден кейін "ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарында," деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тармақта:
      1) тармақшадағы "олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда орналасқан," деген сөздерден кейін "өмірде қиын жағдайға душар болған," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы ", еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына" деген сөздер "органдарына, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "арнайы білім беру ұйымдарынан" деген сөздерден кейін ", ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші абзацы "арнайы білім беру ұйымдарына" деген сөзден кейін ", ерекше ұстау режимі бар білім беру ұйымдарына" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі