О некоторых вопросах финансирования проекта "Расширение Актауского международного морского торгового порта в северном направлении"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2005 года N 1199

      В целях организации финансирования проекта "Расширение Актауского международного морского торгового порта в северном направлении", реализуемого республиканским государственным предприятием "АктаускиЙ международный морской торговый порт" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - предприятие), Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правительства Республики Казахстан от 24 мая 2005 года N 500 "Об утверждении перечня инвестиционных проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии на 2005 год" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 22, ст. 269), следующее дополнение:
      Перечень инвестиционных проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии на 2005 год, утвержденный указанным постановлением, дополнить строкой, порядковый номер 2, следующего содержания:

"      

2.

Расширение
Актауского
между-
народного
морского
торгового
порта в
северном
направ-
лении

248,5

2006-
2008

25

Банк 
Развития
Казахстана

РГП
"Актаус-
кий
между-
народный
морской
торговый
порт"

                                                                 ".

      2. На основании подпункта 5) пункта 1  статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" определить акционерное общество "Банк Развития Казахстана" (далее - банк) поставщиком финансовых услуг для финансирования проекта "Расширение Актауского международного морского торгового порта в северном направлении", закупка которых имеет важное стратегическое значение.

      3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить выполнение предприятием требований, предъявляемых к лицам, претендующим на получение государственной гарантии.

      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) заключить с предприятием и банком соглашение о предоставлении государственной гарантии;
      2) предоставить банку государственную гарантию Республики Казахстан в качестве обеспечения выполнения обязательств предприятия по привлекаемому займу в размере 25000000 (двадцать пять миллионов) долларов США, в пределах лимита предоставления государственных гарантий, утвержденного  Законом Республики Казахстан от 2 декабря 2004 года "О республиканском бюджете на 2005 год".

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

"Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

ҚАзақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 желтоқсандағы N 1199 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) іске асыратын "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 500  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 269-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
"2. Ақтау        248,5      2006-    25    Қазақстанның  "Ақтау
    халықаралық             2008           Даму Банкі    халықаралық
    теңіз сауда                                          теңіз сауда
    портын                                               порты" РМК
    солтүстік
    бағытта кеңейту                                               ".

      2. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасы негізінде "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банк) "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын қаржыландыру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қаржылық қызметтерді көрсетуші болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпорынның мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер адамдарға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынмен және банкпен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасассын;
      2) банкке "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңымен  бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 25000000 (жиырма бес миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша кәсіпорынның міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі