О принятии государственного пакета акций акционерного общества "Аэропорт Павлодар" из коммунальной собственности в республиканскую собственность

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2006 года N 782

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 января 2003 года N 81 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой" и в целях эффективного управления государственной собственностью Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Принять в установленном законодательством порядке в республиканскую собственность государственный пакет акций акционерного общества "Аэропорт Павлодар", находящийся в коммунальной собственности, в размере 100 процентов от общего количества объявленных акций.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан:

      1) совместно с акиматом Павлодарской области принять меры, вытекающие из пункта 1 настоящего постановления;

      2) передать права владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества "Аэропорт Павлодар" Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменение и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):

      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к коммунальной собственности:

      в разделе "Павлодарская область":

      строку, порядковый номер 967-4, исключить;

      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности:

      раздел "Павлодарская область" дополнить строкой, порядковый номер 265-10, следующего содержания:

      "265-10 АО "Аэропорт Павлодар";

      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в приложении к указанному постановлению:

      раздел "Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 160-19, следующего содержания:

      "160-19 АО "Аэропорт Павлодар";

      3) утратил силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Mинистр


Республики Казахстан



"Павлодар әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн коммуналдық меншiктен республикалық меншiкке қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 782 Қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Павлодар әуежайы" акционерлiк қоғамының коммуналдық меншiктегi, жарияланған акцияларының жалпы санының 100 пайызы мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетi заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;
      2) "Павлодар әуежайы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне берсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi коммуналдық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Павлодар облысы" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 967-4-жол алынып тасталсын;

      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Павлодар облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 265-10-жолмен толықтырылсын:
      "265-10 "Павлодар әуежайы" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-19-жолмен толықтырылсын:
      "160-19 "Павлодар әуежайы" АҚ";

      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі