О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О Национальном архивном фонде и архивах"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2006 года N 1051

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О Национальном архивном фонде и архивах".

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект

Закон Республики Казахстан

О внесении изменения в Закон Республики Казахстан
"О Национальном архивном фонде и архивах"

       Статья 1 . Внести в  Закон  Республики Казахстан от 28 декабря 1998 г. "О Национальном архивном фонде и архивах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., N 24, ст. 435; 2001 г., N 21-22, ст. 286; 2003 г., N 10, ст. 53; 2004 г., N 23, ст. 142; 2006 г., N 3, ст. 22) следующее изменение:
      пункт 1 статьи 17 изложить в следующей редакции:
      "1. Государственные архивы вправе реализовать товары (работы, услуги) на платной основе.
      Деньги от реализации таких товаров (работ, услуг) могут оставаться в распоряжении государственных архивов.
      Плата за осуществление видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными архивами определяется по соглашению с физическим или юридическим лицом в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.
      К платным услугам государственных архивов относятся:
      1) проведение научных исследований, разработка и внедрение правил, инструкций, методических рекомендаций по совершенствованию работы архивов организаций и служб документационного обеспечения управления;
      2) научно-техническая обработка документов;
      3) проведение по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц курсов и семинаров по обучению современным основам документирования и управления документацией;
      4) реставрация, переплет архивных дел и документов, изготовление архивных коробок;
      5) изготовление страховых копий, восстановление текста архивных документов;
      6) оказание методической и практической помощи в создании и совершенствовании научно-справочного аппарата к архивным фондам;
      7) проведение по заказам (заявкам) выявления информации генеалогического и тематического характеров и копирование архивных документов".

       Статья 2 . Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования;
      абзац четвертый статьи 1 действует до 1 января 2008 года.   

       Президент
      Республики Казахстан

"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 1051 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Заңы

"Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы

       1-бап.  "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 435-құжат; 2001 ж., N 21-22, 286-құжат; 2003 ж., N 10, 53-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттік мұрағаттар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) ақылы негiзде сатуға құқылы.
      Осындай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша мемлекеттік мұрағаттардың иелiгiнде қалуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi қызмет түрлерiн жүзеге асырғаны үшiн төлем Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғамен келiсiм бойынша айқындалады.
      Мемлекеттiк мұрағаттардың ақылы қызметтерiне:
      1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерiнің жұмысын жетiлдiру бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, ережелер, нұсқаулықтар, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу және енгiзу;
      2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу;
      3) жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiштерi) бойынша құжаттау мен құжаттаманы басқарудың қазiргi заманғы негiздерiн оқыту жөнiндегi курстаp мен семинарлар өткiзу;
      4) мұрағат iстерi мен құжаттарды қайта қалпына келтiру, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау;
      5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiн дайындау, мәтiндерiн қалпына келтiру;
      6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау мен оны жетiлдiруде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
      7) тапсырыстар (өтiнiштер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргiзу және мұрағат құжаттарын көшiру жатады.".
       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi;
      1-баптың төртiншi абзацы 2008 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi