Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2007 года N 242
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 242 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат; 2003 ж., N 34, 332-құжат; 2006 ж., N 48, 507-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрі, төраға,
Оразбақов - Қазақстан Республикасының
Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі,
Жүнісов - "Астана қаласының Сәулет және қала
Сәрсембек Ендібайұлы құрылысы департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
директоры;
"Досмағамбетов - "Астанабасжоспар" мемлекеттік
Баир Фарденұлы коммуналдық кәсіпорнының
директоры"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досмағамбетов - "Астана қаласы бас жоспарының
Баир Фарденұлы ғылыми-зерттеу жобалау институты"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры";
аталған Комиссияның құрамынан Д.К.Ахметов, В.С.Школьник шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті