Об утверждении Правил тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых не созданы государственные учреждения пожаротушения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2007 года N 542. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2014 года № 801

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.07.2014 № 801 (вводится в действие по истечении десяти календарных после дня его официального опубликования).
      
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых не созданы государственные учреждения пожаротушения.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 27 июня 2007 года N 542 

Правила
тушения степных пожаров, а также пожаров
в населенных пунктах, в которых не созданы
государственные учреждения пожаротушения

      1. Настоящие Правила определяют порядок тушения степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых не созданы государственные учреждения пожаротушения и основные мероприятия по организации работы по предупреждению и ликвидации степных пожаров, а также пожаров в населенных пунктах, в которых не созданы государственные учреждения пожаротушения (далее - пожаров).

      2. При обнаружении пожаров или признаков горения местные исполнительные органы обеспечивают своевременное сообщение о возникших пожарах в ближайшее подразделение государственного учреждения пожаротушения и незамедлительно организуют оперативное привлечение к ликвидации пожаров населения, пожарной и приспособленной к тушению пожаров техники и работников хозяйствующих субъектов.

      3. Тушение пожаров осуществляется добровольными противопожарными формированиями населения, которые создаются из числа граждан населенных пунктов, в которых не созданы государственные учреждения пожаротушения.

      4. До прибытия сил и средств подразделений государственного учреждения пожаротушения местные исполнительные органы на соответствующей территории:
      осуществляют своевременное информирование населения о возникших пожарах, возможном их распространении, а также принятие необходимых мер по ограничению их последствий;
      обеспечивают своевременное оперативное информирование ближайших подразделений государственного учреждения пожаротушения обо всех изменениях обстановки на месте пожара;
      осуществляют общее руководство по тушению пожаров.

      5. При тушении пожара местные исполнительные органы обеспечивают привлекаемые для ликвидации пожаров силы и средства, независимо от форм собственности, горюче-смазочными материалами, продуктами питания, медицинской помощью.

      6. В целях предупреждения и ликвидации пожаров местные исполнительные органы в пределах своей компетенции, определенной действующим законодательством, разрабатывают совместно с территориальными органами государственной противопожарной службы, утверждают и реализуют ежегодные планы мероприятий по тушению степных пожаров, пожаров в отдаленных населенных пунктах и выполнению комплекса профилактических мер по их предупреждению, а также планов совместных действий с землепользователями на случай возникновения степных пожаров и их эффективной ликвидации (далее - планы мероприятий).
       Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068.

      7. В соответствии с планами мероприятий местные исполнительные органы обеспечивают организацию и выполнение работ по:
      оборудованию и содержанию в исправном состоянии естественных и искусственных источников противопожарного водоснабжения;
      созданию на соответствующей территории запасов горюче-смазочных материалов, продуктов питания, медикаментов и других расходных материалов для оперативного обеспечения ими привлекаемых для ликвидации пожаров сил и средств;
      своевременной опашки вдоль автомобильных, железных дорог и населенных пунктов от прилегающих степных массивов;
      проведению крестьянскими хозяйствами и иными сельскохозяйственными организациями сжигания стерни, пожнивных и иных растительных остатков на сельскохозяйственных полях, пастбищах и сенокосах, отжигов травянистой растительности на соответствующей территории.

      8. Местные исполнительные органы оказывают содействие противопожарной службе в обеспечении системного контроля выполнения хозяйствующими субъектами, населением, дислоцирующимися на соответствующей территории, предписаний государственного пожарного контроля и требований законодательства в области пожарной безопасности.

      9. Местные исполнительные органы представляют отчетность о пожаре и его последствиях в территориальные органы государственной противопожарной службы в течение суток после его ликвидации.
       Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068.

Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 542 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 шілдедегі № 801 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2014 № 801 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі).

      "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 27 маусымдағы
N 542 қаулысымен 
бекітілген   

Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік
өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі
өртті сөндіру ережесі

      1. Осы Ереже дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру
мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін және дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өрттің (бұдан әрі - өрттер) алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шараларды анықтайды.

      2. Өрттерді немесе жану белгілерін байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің жақын орналасқан бөлімшесіне шыққан өрттер туралы уақтылы хабарлауды қамтамасыз етеді және халықты, өрт пен өрттерді сөндіруге бейімделген техниканы және шаруашылық субъектілері қызметкерлерін өрттерді жоюға жедел тартуды ұйымдастырады.

      3. Өрттерді сөндіруді мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі азаматтар қатарынан құрылатын халықтың ерікті өрт сөндіру құрамалары жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік өрт сөндіру мекемесі бөлімшелерінің күштері мен
құралдары келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта:
      шыққан өрттер, олардың таралу мүмкіндігі туралы халықты уақтылы хабардар етуді, сондай-ақ олардың салдарын шектеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
      өрт болған жердегі жағдайдың барлық өзгерістері туралы мемлекеттік өрт сөндіру мекемесінің жақын орналасқан бөлімшелерін уақтылы жедел хабардар етуді қамтамасыз етеді;
      өрттерді сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      5. Өрт сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар өрттерді жоюға тартылатын күштер мен құралдарды меншік нысанына қарамастан, жанар-жағармай материалдарымен, тамақ өнімдерімен, медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

      6. Өрттердің алдын алу және жою мақсатында жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнамада анықталған өз құзыреті шегінде аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарымен бірлесіп, дала өрттерін, шалғай елді мекендердегі өрттерді сөндіру және олардың алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары кешенін орындау бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ жер пайдаланушылармен дала өрттерінің туындау жағдайына және оларды тиімді түрде жоюға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарларын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспарлары) бекітеді және іске асырады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      7. Іс-шаралар жоспарларына сәйкес жергілікті атқарушы органдар:
      өртке қарсы сумен жабдықтаудың табиғи және жасанды көздерін жабдықтау және жарамды күйде ұстау;
      өрттерді жоюға тартылатын күштермен және құралдармен жедел түрде қамтамасыз ету үшін тиісті аумақта жанар-жағармай материалдарының, тамақ өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің және басқа да шығыс материалдарының қорларын құру;
      дала алқаптарына іргелес автомобиль, темір жолдар мен елді мекендердің бойын уақтылы жырту;
      шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиісті аумақтағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеу, қау шөбін өртеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды қамтамасыз етеді.

      8. Жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың мемлекеттік өрт бақылау ұйғарымдарын және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарын орындауын жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз етуде өртке қарсы қызметке жәрдем көрсетеді.

      9. Жергілікті атқарушы органдар аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт және оның салдары туралы оны жойғаннан кейін бір тәулік ішінде есеп береді.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.