Об особых условиях и порядке реализации конкурсной массы республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Енбек - Костанай" исправительных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2007 года N 941

      В соответствии с пунктом 4  статьи 2 Закона Республики Казахстан от 21 января 1997 года "О банкротстве", в связи с признанием банкротом республиканского государственного предприятия "Енбек - Костанай" исправительных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить особые условия и порядок реализации конкурсной массы республиканского государственного предприятия "Енбек - Костанай" исправительных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, предусматривающие:
      1) разделение конкурсной массы на несколько лотов;
      2) формирование основного лота из отдельных активов, необходимых в производственной деятельности, обеспечивающей жизнедеятельность исправительного учреждения Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - учреждение).

      2. Установить дополнительные требования к покупателям основного лота, предусматривающие:
      1) принятие обязательств:
      по обеспечению непрерывности технологического цикла и сохранению профиля деятельности;
      по использованию приобретенного имущества для обеспечения производственной деятельности на территории учреждения;
      по обеспечению занятости осужденных в учреждении;
      2) наличие опыта работы по осуществлению производственной деятельности в уголовно-исполнительной системе и обеспечению жизнедеятельности учреждений.

      3. Министерству юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить осуществление контроля за выполнением покупателем своих обязательств по договорам купли-продажи.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Қостанай" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 941 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының  2-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек - Қостанай" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын банкрот деп тануға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері "Еңбек - Қостанай" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының:
      1) конкурстық массаны бірнеше лоттарға бөлуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін өндірістік қызметте қажет жекелеген активтерден негізгі лотты қалыптастыруды көздейтін конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.

      2. Негізгі лотты сатып алушыларға мыналарды көздейтін қосымша талаптар белгіленсін:
      1) мынадай міндеттемелерді қабылдау:
      технологиялық циклдің үздіксіздігін қамтамасыз ету және қызмет бейінін сақтау жөнінде;
      өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін сатып алынған мүлікті мекеменің аумағында пайдалану жөнінде;
      мекемелерде сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнінде;
      2) қылмыстық атқару жүйесінде өндірістік қызметті жүзеге асыру және мекемелердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алушының сатып алу-сату шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі