Об утверждении перечня товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2007 года N 996. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2012 года № 341

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.03.2012 № 341 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Утвердить прилагаемый перечень товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной потребности, приобретаемых заказчиками для обеспечения бесперебойной деятельности.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года и подлежит официальному опубликованию.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Утвержден          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан    
от 28 октября 2007 года N 996

  Перечень
товаров, работ, услуг ежедневной или еженедельной
потребности, приобретаемых заказчиками для
обеспечения бесперебойной деятельности

      1. Продукты питания
      2. Горюче-смазочные материалы
      3. "Бумага" формата А-4, А-3
      4. Работы по зимнему содержанию дорог
      5. Выпуск газеты "Бюллетень государственных закупок"
      6. Услуги по организации питания
      7. Услуги по захоронению одиноких и безродноумерших граждан
      8. Услуги по банно-прачечному обслуживанию
      9. Автотранспортные услуги
      10. Услуги по установке, монтажу, ремонту и эксплуатации технических средств регулирования дорожным движением
      11. Услуги, по содержанию административных зданий
      12. Услуги связи (в том числе Интернет, спутниковая, телефонная, фельдъегерская почтовая связь)
      13. Услуги по сопровождению информационных систем
      14. Услуги по размещению информации в средствах массовой информации
      15. Услуги по техническому обслуживанию систем пожаротушения и кондиционирования серверных комнат

Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 996 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 341 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 28 қазандағы
N 996 қаулысымен
бекітілген    

Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбесі

      1. Тамақ өнімдері
      2. Жанар-жағармай материалдары
      3. А-4, А-3 форматты "қағаз"
      4. Жолдарды қысқы ұстау жөніндегі жұмыстары
      5. "Мемлекеттік сатып алу бюллетені" газетін шығару
      6. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер
      7. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер
      8. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер
      9. Автокөлік қызметтері
      10. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер
      11. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер
      12. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы)
      13. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер
      14. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер
      15. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және кондиционер орнату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер