О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года N 1220 и от 2 мая 2007 года N 356

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2007 года N 1017

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнение:

      1) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года N 1220 "Об утверждении паспортов республиканских бюджетных программ на 2007 год":
      в  приложении 282-1 к указанному постановлению:
      графу 5 таблицы пункта 6. "План мероприятий по реализации бюджетной программы" изложить в следующей редакции:
      "Передача целевых трансфертов на развитие на выплату авансового платежа бюджетам Южно-Казахстанской области, городов Астаны и Алматы для строительства 44 школ на основе государственно-частного партнерства в соответствии с перечнем, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 822 "О Среднесрочном плане социально-экономического развития Республики Казахстан на 2007-2009 годы (второй этап)";
      пункт 7 "Ожидаемые результаты выполнения бюджетной программы" дополнить абзацем следующего содержания:
      "Перечень мероприятий по реализации, количественные и качественные показатели, характеризующие ожидаемые результаты, в рамках освоения трансфертов из республиканского бюджета, отражаются в паспорте соответствующей местной бюджетной программы.";

      2) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 2 мая 2007 года N 356 "О некоторых вопросах реализации проекта "Строительство 100 школ и 100 больниц на основе государственно-частного партнерства":
      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:
      "1) Министерство здравоохранения Республики Казахстан осуществляет функции заказчика строительства объектов здравоохранения, акимы Южно-Казахстанской области, городов Астаны и Алматы осуществляют функции заказчика строительства школ, общество осуществляет операционное сопровождение проекта;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 және 2007 жылғы 2 мамырдағы N 356 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1017 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1)»"2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  282-1-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Оңтүстік Қазақстан облысының, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 44 мектеп салу үшін»"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес аванстық ақы төлеуге нысаналы даму трансферттерін беру";
      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетіледі.";

      2) "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу" жобасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 мамырдағы N 356  қаулысында :
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау объектілерін салуда тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады, Оңтүстік Қазақстан облысының, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мектептер салуда тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады, қоғам жобаны операциялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі