О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2007 года N 522

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2007 года N 1093. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года N 1332.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1332 (вводится в действие с 01.01.2009).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2007 года N 522 "Об утверждении Правил проведения специализированного аукциона по реализации ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика в счет налоговой задолженности" (САПП Республика Казахстан, 2007 г., N 21, ст. 235) следующие дополнение и изменение:
      в Правилах проведения специализированного аукциона по реализации ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика в счет налоговой задолженности, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:
      "5-1. В случае подачи заявки на участие в конкурсе одного лица, соответствующего квалификационным требованиям, конкурсная комиссия признает конкурс несостоявшимся. При участии в повторном конкурсе одного лица, соответствующего квалификационным требованиям, такое лицо признается победителем конкурса.";
      в пункте 28 слова "в одностороннем порядке налоговым органом" заменить словами "в соответствии с законодательством Республики Казахстан".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 522 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қарашадағы N 1093 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы N 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 235-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға конкурсқа қатысуға өтінім берген жағдайда конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды. Қайтадан өткізілетін конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға қатысқан жағдайда, мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылады.";

      28-тармақта "салық органы бір жақты тәртіппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі