О предоставлении земельных участков в постоянное землепользование государственному учреждению "Маркакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2007 года N 1214

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" и в целях сохранения ценных видов флоры и фауны, экологических систем Восточно-Казахстанской области, как уникальных природных объектов Казахстана, требующих особой охраны, Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Изъять из следующих категорий земель Курчумского района Восточно-Казахстанской области земельные участки общей площадью 27 931 гектаров:
      1) земель запаса - 11673,6 гектаров;
      2) земель лесного фонда - Маркакольского государственного учреждения лесного хозяйства - 16257,4 гектаров и предоставить их государственному учреждению "Маркакольский государственный природный заповедник" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - учреждение) в постоянное землепользование согласно приложению к настоящему постановлению.
      Перевести указанные в подпункте 1) и 2) пункта 1 земельные участки из категории земель запаса и земель государственного лесного фонда в категорию земель особо охраняемых природных территорий, а имеющиеся на этой территории леса отнести к категории защитности "леса государственных природных заповедников".

      2. Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами совместно с Комитетом лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке установить на местности границы земель учреждения.

      3. Акимату Восточно-Казахстанской области в соответствии с действующим законодательством установить охранную зону вокруг земель учреждения с запрещением и (или) ограничением в пределах этой зоны любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние и восстановление экологических систем.

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
             5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Приложение         
к постановлению Правительства 
Республики Казахстан    
от 11 декабря 2007 года N 1214

                            Экспликация
       земельных участков, предоставляемых в постоянное
землепользование   государственному учреждению "Маркакольский
  государственный природный заповедник" Комитета лесного и
   охотничьего хозяйства   Министерства сельского хозяйства
   Республики Казахстан,   на территории Курчумского района
                Восточно-Казахстанской области

Категория земель

Площадь, га

Курчумский район:
    1) земли запаса

    2) земли лесного фонда (Маркакольское
государственное учреждение лесного хозяйства)
    в том числе: Маркакольское лесничество
                 Бурановское лесничество



  11673,6
 
  16257,4 12717,7
3539,7
Всего: 27931,0

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1214 Қаулысы

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына сәйкес және Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының мына санаттағы жерінен жалпы алаңы 27931 гектар жер учаскелері:
      1) босалқы жерінен - 11673,6 гектар;
      2) орман қоры жерінен - Марқакөл мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен - 16257,4 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
      1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер және мемлекеттік орман қорының жері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар "мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары" қорғаныштық санатына жатқызылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

      3. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1214 қаулысына
қосымша      

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесіне
тұрақты жер пайдалануға Шығыс Қазақстан облысы Күршім
ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы

Жерлер санаты

Алаңы, га

Күршім ауданы:

1) босалқы жер

2) орман қорының жері (Марқакөл
мемлекеттік орман шаруашылығы
мекемесі)
соның ішінде: Марқакөл орманшылығы
Боран орманшылығы
 



    11673,6 16257,4
    12717,7
3539,7

Барлығы:

27931,0