О некоторых вопросах ликвидации последствий чрезвычайной ситуации природного характера в Жамбылской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года N 1306

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года " О государственном материальном резерве ", 6 декабря 2007 года "О республиканском бюджете на 2008 год" и  постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225 "Об утверждении Правил исполнения республиканского и местного бюджетов" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Разбронировать из государственного материального резерва дизельное топливо марки З (зимнее) - 0,2-35 в количестве 60 (шестьдесят) тонн для обеспечения первоочередных работ по ликвидации последствий чрезвычайной ситуации природного характера в Жамбылской области.

      2. Акиму Жамбылской области обеспечить оплату транспортных расходов по доставке вышеуказанных материальных ценностей.

      3. Выделить Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2008 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и других государств, 6120000 (шесть миллионов сто двадцать тысяч) тенге для возмещения затрат за материальные ценности, выпущенные из государственного материального резерва.

      4. Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым и эффективным использованием выделенных средств.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Шукеева У.Е.

      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания, за исключением пункта 4, который вводится в действие с 1 января 2008 года.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Жамбыл облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жоюдың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1306 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік материалдық резерв туралы " 2000 жылғы 27 қарашадағы, " 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Жамбыл облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 3 маркалы (қысқы) дизель отыны - 0,2-35 60 (алпыс) тонна мөлшерінде броньнан шығарылсын.

      2. Жамбыл облысының әкімі жоғарыда көрсетілген материалдық құндылықтарды жеткізу жөніндегі көліктік шығыстарды төлеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтар шығындарын өтеу үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттер аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 6120000 (алты миллион бір жүз жиырма мың) теңге бөлінсін.

      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      7. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардың бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі