Об определении органа по аккредитации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2007 года N 1338. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2008 года N 773.

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2008 года  N 773 (порядок введения в действие см.  п.3 ).

      В соответствии с подпунктом 9)  статьи 6 Закона Республики Казахстан от 9 ноября 2004 года "О техническом регулировании" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Определить органом по аккредитации товарищество с ограниченной ответственностью "Национальный центр аккредитации" Комитета по техническому регулированию и метрологии Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан (далее - Национальный центр аккредитации).

      2. Предметом деятельности Национального центра аккредитации определить:

      1) участие в работе международных (региональных) негосударственных и неправительственных организаций по аккредитации;

      2) выдачу аттестатов аккредитации сроком на три года;

      3) приостановление действия аттестатов аккредитации на срок до шести месяцев;

      4) осуществление инспекционных проверок.

      3. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1338 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 773 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.27  N 773 Қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы  6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Ұлттық аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін.

      2. Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің мәні:
      1) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу;
      2) үш жыл мерзімге аккредиттеу аттестаттарын беру;
      3) алты айға дейінгі мерзімге аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтата тұру;
      4) инспекциялық тексерулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі