О подписании Соглашения о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2007 года N 1361

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе.

      2. Подписать Соглашение о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Одобрено           
постановлением Правительства 
Республики Казахстан    
от 29 декабря 2007 года N 1361

      проект

  СОГЛАШЕНИЕ
о принципах взимания косвенных налогов при экспорте и импорте
товаров, выполнении работ, оказании услуг в таможенном союзе

      Правительство Республики Беларусь, Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      основываясь на Соглашении о Таможенном союзе от 20 января 1995 года,  Договоре о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года,  Договоре об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года,
      признавая общепринятые нормы и правила международной торговли,
      согласились о нижеследующем:

  Статья 1
Основные понятия, применяемые в настоящем Соглашении

      Для целей настоящего Соглашения используются следующие термины:

      косвенные налоги - налог на добавленную стоимость (далее - НДС) и акцизы (акцизный налог или акцизный сбор);

      нулевая ставка - обложение НДС по ставке ноль процентов, что означает для налогоплательщиков (плательщиков) НДС право на возмещение (зачет, возврат) из бюджета сумм НДС;

      налогоплательщики (плательщики) - налогоплательщики (плательщики) налогов, сборов и пошлин государств-участников таможенного союза;

      товар - реализуемые или предназначенные для реализации любое движимое и недвижимое имущество, все виды энергии;

      работа - деятельность, результаты которой имеют материальное выражение и могут быть реализованы для удовлетворения потребностей организации и (или) физических лиц;

      услуга - деятельность, результаты которой не имеют материального выражения, реализуются и потребляются в процессе осуществления этой деятельности, а также передача, предоставление патентов, лицензий, торговых марок, авторских прав или иных прав;

      экспорт товаров - вывоз товаров, реализуемых налогоплательщиками (плательщиками), с территории одного государства-участника таможенного союза на территорию другого государства-участника таможенного союза;

      импорт товаров - ввоз товаров налогоплательщиками (плательщиками) на территорию одного государства-участника таможенного союза с территории другого государства-участника таможенного союза;

      компетентные органы - министерства финансов, налоговые и таможенные органы государств-участников таможенного союза.

  Статья 2
Принцип взимания косвенных налогов при экспорте товаров

      При экспорте товаров применяется нулевая ставка НДС и (или) освобождение от уплаты (возмещение уплаченной суммы) акцизов при условии документального подтверждения факта экспорта.

  Статья 3
Принцип взимания косвенных налогов при импорте товаров

      При импорте товаров на территорию одного государства-участника таможенного союза с территории другого государства-участника таможенного союза косвенные налоги взимаются налоговыми органами государства-импортера, за исключением товаров, ввозимых на территорию одного государства-участника таможенного союза с территории другого государства-участника таможенного союза для переработки с последующим вывозом продуктов переработки с территории другого государства-участника таможенного союза, товаров, перемещаемых транзитом, а также товаров, которые в соответствии с законодательством государств-участников таможенного союза не подлежат налогообложению при ввозе на его территорию.
      Особенности применения косвенных налогов при импорте в особые (свободные) экономические зоны устанавливаются отдельным протоколом, заключаемым между Сторонами.
      Ставки косвенных налогов на импортируемые товары во взаимной торговле не должны превышать ставки косвенных налогов, которыми облагаются аналогичные товары внутреннего производства.

  Статья 4
Порядок взимания косвенных налогов и контроль
за их уплатой при экспорте и импорте товаров

      Порядок взимания косвенных налогов и механизм контроля за их уплатой при экспорте и импорте товаров осуществляется в соответствии с отдельным протоколом, заключаемым между Сторонами.

  Статья 5
Порядок взимания косвенных налогов при
выполнении работ, оказании услуг

      Порядок взимания косвенных налогов при выполнении работ, оказании услуг осуществляется в соответствии с отдельным протоколом, заключаемым между Сторонами.

  Статья 6
Обмен информацией между налоговыми органами

      Обмен информацией между налоговыми органами Сторон, включающий также перечень сведений, необходимых для обеспечения полноты сбора косвенных налогов, осуществляется в соответствии с отдельным межведомственным протоколом.

  Статья 7
Соотношение Соглашения с международными договорами

      Положения настоящего Соглашения не затрагивают прав и обязательств Сторон, вытекающих из других международных договоров, участниками которых они являются.

  Статья 8
Разрешение споров

      Споры между Сторонами, связанные с толкованием и/или реализацией положений настоящего Соглашения, разрешаются путем консультаций и переговоров заинтересованных Сторон, а в случае недостижения согласия спор передается на рассмотрение в Суд Евразийского экономического cообщества.

  Статья 9
Изменения и дополнения

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами.

  Статья 10
Заключительные положения

      Настоящее Соглашение вступает в силу в соответствии с Протоколом о порядке вступления в силу международных договоров, направленных на формирование договорно-правовой базы таможенного союза, выхода из них и присоединения к ним от 6 октября 2007 года, и подлежит применению с 1 января года, следующего за годом вступления в силу протоколов, указанных в статьях 3, 4, 5 и 6 настоящего Соглашения, но не ранее вступления в силу Договора о создании единой таможенной территории и завершении формирования таможенного союза от 6 октября 2007 года.

      Совершено в городе _______________ "__" __________ 200_ года в единственном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Интеграционном Комитете ЕврАзЭС, который направит каждой Стороне его заверенную копию.

            За                          За                       За
       Правительство               Правительство            Правительство
        Республики                  Республики               Российской
         Беларусь                   Казахстан                Федерации

Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1361 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімге қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2007 жылғы 29 желтоқсандағы  
N 1361 қаулысымен       
мақұлданған         

жоба  

  Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың,
қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама
салықтарды алу қағидаттары туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері,
      Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімді, Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартты, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартты негізге ала отырып,
      Халықаралық сауданың жалпыға бірдей қабылданған нормалары мен ережелерін мойындай отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

  1-бап
Осы келісімде қолданылатын негізгі ұғымдар

      Осы келісімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер пайдаланылады:
      жанама салықтар - қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) және акциздер (акциз салығы немесе акциздік алым);
      нөлдік ставка - нөл процент ставкасы бойынша ҚҚС салу, бұл ҚҚС төлеушілерінің бюджеттен ҚҚС сомаларын өтеуге арналған (есепке жатқызу, қайтару) құқығын білдіреді;
      салық төлеушілер (төлеушілер) - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің салықтарын, алымдары мен баж салықтарын төлеушілер;
      тауар - сатылатын немесе сатуға арналған кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, энергияның барлық түрлері;
      жұмыс - нәтижелерінің материалдық көрінісі болатын және ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сатылуы мүмкін қызмет;
      қызмет көрсету - нәтижелерінің материалдық көрінісі болмайтын қызмет, осы қызметті жүзеге асыру процесінде сатылады және тұтынылады, сондай-ақ патенттерді, лицензияларды, сауда маркаларын, авторлық құқықтарды немесе өзге де құқықтарды беру;
      тауарлар экспорты - салық төлеушілердің (төлеушілердің), сататын тауарларды кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына әкетуі;
      тауарлар импорты - салық төлеушілердің (төлеушілердің) тауарларды кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына әкелуі;
      құзыретті органдар - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің қаржы министрлігі, салық және кеден органдары.

  2-бап
Тауарлар экспорты кезінде жанама салықтарды салу қағидаты

      Тауарлар экспорты кезінде ҚҚС нөлдік ставкасы және (немесе) экспорттау фактісін құжаттық растаған жағдайда акциздерді төлеуден (төленген соманы өтеу) босату қолданылады.

  3-бап
Тауарлар импорты кезінде жанама салықтарды салу қағидаты

      Кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан кеден одағына қатысушы екінші бір мемлекеттің аумағына өңдеу үшін әкелінетін, кейіннен өңделген өнімдер кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің аумағынан транзитпен алып өтетін тауарларды, сондай-ақ кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның аумағына әкелу кезінде салық салынбайтын тауарларды қоспағанда, жанама салықтарды импорттаушы мемлекеттің салық органдары салады.
      Айырықша (еркін) экономикалық аймаққа импорттау кезінде жанама салықтарды қолдану ерекшелігі Тараптар арасында жасалатын жекелеген хаттамамен белгіленеді.
      Өзара саудада импортталатын тауарларға жанама салық ставкалары осындай ішкі өндіріс тауарларына салынатын жанама салық ставкаларынан аспауға тиіс.

  4-бап
Тауарлар экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды салу тәртібі және олардың төленуін бақылау

      Тауарлар экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды салу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі Тараптар арасында жасалатын жекелеген хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

  5-бап
Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету
кезінде жанама салықтарды салу тәртібі

      Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды салу тәртібі Тараптар арасында жасалатын жекелеген хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

  6-бап
Салық органдары арасындағы ақпарат алмасу

      Тараптардың салық органдары арасындағы жанама салықтарды жинау толықтығын қамтамасыз ету үшін қажетті мәліметтер тізбесін қамтитын ақпарат алмасу жекелеген ведомствоаралық хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

  7-бап
Келісімнің халықаралық шарттармен арақатынасы

      Осы Келісімнің ережесі Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

  8-бап
Дауларды шешу

      Осы Келісімнің ережесін түсіндіруге және/немесе іске асыруға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына қарауға беріледі.

  9-бап
Өзгерістер мен толықтырулар

      Тараптардың өзара келісім бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

  10-бап
Қорытынды ереже

      Осы Келісім кеден одағының шарттық-құқықтық базасының қалыптасуына бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену тәртібі туралы Хаттамаға сәйкес күшіне енеді, одан шығу және оған кіру 2007 жылдың 6 қазаны және осы Келісімнің 3, 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген хаттамалар күшіне енген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап, қолданылуы тиіс, бірақ 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыруды аяқтау туралы шарттың күшіне енуінен бұрын емес.

      200 жылғы "___" __________ _________ қаласында бір ғана түпнұсқада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінде сақталады, ол әр Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

          Беларусь           Қазақстан             Ресей
      Республикасының     Республикасының     Федерациясының
        Үкіметі үшін        Үкіметі үшін       Үкіметі үшін