О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Центр астрофизических исследований" Национального космического агентства Республики Казахстан и его дочерних государственных предприятий

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2008 года N 38

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр астрофизических исследований" Национального космического агентства Республики Казахстан и его дочерние государственные предприятия "Институт ионосферы", "Институт космических исследований" и "Астрофизический институт имени В.Г. Фесенкова" путем слияния и преобразования в акционерное общество "Национальный центр космических исследований и технологий" (далее - общество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      2. Основным предметом деятельности общества определить осуществление научно-исследовательской, опытно-конструкторской и производственно-хозяйственной деятельности в области космических исследований и технологий.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Национальным космическим агентством Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить Устав общества и обеспечить его государственную регистрацию;
      2) передать права владения и пользования государственным пакетом акций общества Национальному космическому агентству Республики Казахстан;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.
 
      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

  Утверждены             
постановлением Правительства     
Республики Казахстан         
от 22 января 2008 года N 38     

  Изменении и дополнения,
которые вносится в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      2. В  постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст. 124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Алматы" дополнить строкой, порядковый номер 123-115, следующего содержания:
      "123-115   АО "Национальный центр космических исследований и технологий".

      3. В  постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Национальному космическому агентству Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 282-2, следующего содержания:
      "282-2. АО "Национальный центр космических исследований и технологий".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.
      5. утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 38 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары "Ионосфера институты", "Ғарыштық зерттеулер институты" және "В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты" жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның Жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2008 жылғы 22 қаңтардағы
N 38 қаулысымен 
бекітілген    

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-115-жолмен толықтырылсын:
      "123-115 "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-2-жолмен толықтырылсын:
      "282-2. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.